ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы тағайындалды

Күні: 11:48, 08-05-2019.

Астана. 8 мамыр. ҚазТАГ – Ғалымжан Сәрсенбайұлы Мелдешов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ғалымжан Сәрсенбайұлы Мелдешов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды»,- делінген сәрсенбідегі хабарда.
Мельдешов 2018 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР МСМ Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген, 2016–2018 жылдары Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. Түрлі жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген: «Түркістан» халықаралық газетінде, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Маңғыстау Медиа» ЖШС-де басшылық қызметтерді атқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: