ҚР мәдениет және спорт вице-министрі лауазымынан босатылған Мұсайбеков ҰОК бас хатшысы болып тағайындалды

Күні: 10:29, 30-01-2019.

Астана. 30 қаңтар. ҚазТАГ - ҚР мәдениет және спорт вице-министрі лауазымынан босатылған Сәкен Мұсайбеков Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР мәдениет және спорт министрлігінің (МСМ) спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитеттің баспасөз қызметінен.
«ҚР ҰОК атқарушы комитетінің шешімімен ұйымның бас хатшысы болып Мұсайбеков Сәкен Жүнісбекұлы тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, С.Мұсайбеков ҚР үкіметінің қаулысымен берген өтінішіне сәйкес ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды.
Еске салсақ, С.Мұсайбеков бұл қызметке 2015 жылдың 19 ақпанында ҚР үкіметінің қаулысымен тағайындалған еді.


Жаңалықтармен бөлісу: