ҚР мемлекеттік күзет қызметінің басшысы ауысты

Күні: 18:56, 11-10-2018.

Астана. 11 қазан. ҚазТАГ – Әзімхан Жүсіпов  Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.  
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Әзімхан Әлиханұлы Жүсіповке Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін уақытша атқару жүктелді», - делінген бейсенбіде Ақорда сайтында жарияланған хабарда.  
Мемлекет басшысының басқа жарлығымен Қанат Оразқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР мемлекеттік күзет қызметінің басшысы қызметінен босатылған.  


Жаңалықтармен бөлісу: