ҚР мемлекеттік күзет қызметінің жаңа бастығы тағайындалды

Астана. 13 маусым. ҚазТАГ – ҚР мемлекеттік күзет қызметінің жаңа бастығы тағайындалды, деп хабарлады мемлекет башысының баспасөз қызметінен.
«Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын», - делінген бейсенбіде Ақорда сайтында орналасқан құжатта.
Еске салсақ, Садықұлов Ардақ Әшімбекұлының орнына келді. Ардақ Әшімбекұлы бұл қызметке 2018 жылдың қарашасында тағайындалған еді

adimage