Астана. 5 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер енгізілді, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Коммерция министрлігі өкілдерінің вице-министрлер деңгейінде кездесуі өтті. Кездесу барысында «Қорғас» ШЫХО-ны одан әрі дамыту, оның ішінде 2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды», - делінген жұмадағы хабарда.
Ведомствода нақтылағандай, кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Коммерция министрлігі арасындағы «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының» қызметін үйлестіру тетігін құру жөніндегі меморандумға қол қойылды.
«Құжатқа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов пен ҚХР Коммерция Вице-министрі Цянь Кэмин қол қойды. Меморандумға сәйкес тараптар «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін үйлестіру тетігін құру туралы уағдаласты», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34