ҚР мен РФ Усть-Луга портында жөнелтілген жарамсыз мұнай үшін шығындарды өтеу бойынша уағдаластыққа қол жеткізді

Астана. 25 маусым. ҚазТАГ - «ҚазТрансОйл» АҚ және «Транснефть» ЖАҚ жарамсыз мұнай үшін өтемақы механизмін талқылады, деп хабарлады «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметінен.
«Құбыр нарығының барлық қатысушылары мұнайдың хлорорганикамен ластануы проблемасына алғашқы рет тап болды. «Транснефть» кәсіби деңгейде ден қойды, салдарын жою үшін қолдан келгенін жасады деп ойламын. Ресейлік серіктестермен Усть-Луга портында жөнелтілген жарамсыз мұнай үшін шығындарды өтеу бойынша уағдаластыққа қол жеткіздік», - деді 2019 жылғы 20 маусымда Санкт-Петербургте өткен халықаралық Мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы басқармасының отырысы аясында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов «Транснефть» ЖАҚ президенті Николай Токаревпен кездесуінде.
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры «Транснефть» ЖАҚ тарапынан жарамсыз мұнай үшін есептер мен төлемдерді едәуір жеңілдететін өтемақы механизмі ұсынылғандығын айтып өтті. Механизмнің егжей-тегжейін және төлемдер сомасын «Транснефть» ЖАҚ мүдделі тараптарға белгіленген тәртіпте ұсынатын болады.

adimage