ҚР министрлер кабинетіне БҰҰ ҚК терроризмге қарсы күрес жөніндегі қарарларын іске асыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылды

Астана. 15 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдар Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі - БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмге қарсы күрес жөніндегі қарарларын іске асыру бойынша қабылдап жатқан шараларына талдау жүргізді, деді бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
«Тұтастай алғанда, талдау Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарларының орындалуын қамтамасыз етіп отырғанын көрсетті. Мысалы, қазақстандық прокурорлардың арыздары бойынша соттар «Талибан», «Аль-Каида», «ИГИЛ» ұйымдарын және т.б. террористік ұйымдар деп таныды, елде олардың қызметіне тыйым салынды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, бүгінгі таңда Қазақстан Терроризмге қарсы күрес жөніндегі 19 Конвенцияға және олардың хаттамаларына қосылып отыр. 
«Еуропа, Азия және Америка елдерімен 60 екіжақты келісімдер жасалды. Бұған қоса, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі терроризмге қарсы күрес жөнінде 41 қарар қабылдады, олар бойынша біздің елдің белгілі бір міндеттемелері бар», - деді бас прокуратурадан.

adimage