ҚР моноқалаларының 20 мыңға жуық тұрғыны шикізат салаларындағы өндірістің айтарлықтай төмендеуі салдарынан жұмыссыз қалуы мүмкін

Күні: 18:40, 17-11-2014.

Астана. 17 қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстандықтардың 20 мыңға жуығы шикізат салаларындағы өнеркәсіптік өндірістің айтарлықтай төмендеу жағдайында жұмыстарынан айырылып қалуы мүмкін, деп санайды денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау вице-министрі Дәулет Арғандықов.
«Моноқалалардың 70%-ында салалық құрылым өңдеуші өнеркәсіптің айтарлықтай дамуымен таныстырылған: көмір, мұнай, газ, металл кені мен шикізат ресурстарының басқа да түрлерін өңдеу. Осылайша, тіпті егер жұмыссыздық деңгейі жоғары болмаса да, жұмысшылардың жаппай босатылу қаупі тұрақты болады. Бұл кәсіпорынның ішінара немесе толықтай тұрып қалуымен, жағдаяттың өзгеруімен, ресурстардың таусылуымен байланысты, себебі өндірістік қызмет осылардың есебінен қамтамасыз етіледі», - деді Д. Арғандықов дүйсенбі күні ҚР парламент мәжілісінде «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанындағы өңірлік саясат пен мәслихатпен жұмыс жөніндегі кеңестің «Моноқалаларды дамыту туралы» кеңейтілген отырысында.
«Тау-кен өндірісі, металлургиялық өнеркәсіптің даму қарқындарына тәуелді моноқалаларда аталмыш салалардың 1%-ға дейін физикалық көлем индексінің төмендеу жағдайында 20 мыңға дейін адамның босатылуы ықтимал, сервистік компаниялардың есебінен», - деп толықтырды ол.
Д. Арғандықовтың айтуынша, тұтас саладағы дағдарыс қысқартылған жұмысшылар үшін ыңғайлы жұмыс іздеуді іс жүзінде мүмкін емес етеді.
«Бұл, сәйкесінше, әлеуметтік тұрақсыздық қауіп-қатерлерін шақыруы мүмкін», - деді ол.
Вице-министр бұған дейін жаппай қысқартуларға байланысты қабылданған шаралар күтілген эффектіге әкелмегенін атап өтті.
«Осыған байланысты, жаппай босатылудың шынайы қатерлері туындаған жағдайда, жұмыстарды қысқарту туралы ескерту үшін моноқалалардағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысшыларына уақытша жалақы субсидиялауды қолдануды ұсынылады. Ондай тәжірибе Германияда 2008-2010 жылдары дағдарыс кезеңінде жүзеге асырылған», - деді Д. Арғандықов.
Ол қазақстандық моноқалаларда 1,5 млн адам немесе елдің қала халқының 17%-ы тұратынын еске салды.
Мұнымен қатар үшінші тоқсан қорытындысы бойынша моноқалалардағы жұмыссыздықтың деңгейі елдегі орташа 5%-бен салыстырғанда 4,7%-ды құрады.
«Жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Кентау қаласында – 6,7%, Серебрянск, Жетіғара, Арқалық қалаларында белгіленген», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: