ҚР монополияға қарсы ведомство көмір бағасының шарықтау себебін түсіндірді

Күні: 15:20, 25-09-2019.

Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ - Махамбет Абжан. ҚР монополияға қарсы ведомство көмір бағасының шарықтау себебін түсіндірді.
«Көмір тоннасына Т5,5 мыңнан сатылатын болса көмір өндіруші компаниялармен үлестес делдалдар (жыл сайын бір компаниялар) көмір бағасын Т10 мың немесе екі есе қымбаттатады. Көмірді қайта сату кезінде басқа делдалдар оның бағасын тағы да көтеріп, сөйтіп халық үшін көмірдің бағасы тоннасына Т15-18 мыңға жетеді», - деп түсіндірді сәрсенбіде негізгі тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жасау бойынша жұмыс тобының отырысында ҚР ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияны реттеу, бәсекелестік пен адам құқықтарын қорғау комитетінен.
Монополияға қарсы ведомствода атап өткендей, көмірдің тәуелсіз бөлшек сауда жеткізушілеріне көмір өндіруші компаниялардың ресурсы  қол жетімсіз.
«2017-2018 жылдары 49 көмір жеткізуші мен бір «Қаражыра» АҚ көмір өндіруші компанияға Т338 млн сомаға айыппұл салынып, жауапқа тыртылды», - деп хабарлады комитеттен.
Жұмыс тобының отырысында мысал келтірілді, онда 566 мың тонна көмірдің бір секунд ішінде алты түрлі сатып алушы арасында қалдықсыз бөлініп кеткені айтылған, бұл нарық қатысушылары арасында алдын-ала сөз байласу болмаса мүмкін емес деп санайдыиведомствода.


Жаңалықтармен бөлісу: