ҚР қорғаныс министрлігінің әскери бөлімшесін Ақтөбе облысындағы бұрынғы абақты орнына орналастыру жоспарлануда

Алматы. 25 сәуір. ҚазТАГ - ҚР қорғаныс министрлігінің әскери бөлімшесін Ақтөбе облысындағы бұрынғы абақты орнына орналастыру жоспарлануда, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің бас штабының бастығының бірінші орынбасары, вице-адмирал Жандарбек Жанзақовты қабылдады. Тараптар ҚР қорғаныс министрлігінің әскери бөлімшесін Жем қаласындағы қатаң режимдегі бұрынғы абақты аумағына орналастыру мәселесін талқылады», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Облыс әкімі жергілікті атқарушы органдардың аталмыш жобаны жүзеге асыруда барлық қажетті қоладуды көрсететінін атап өтті.
«Мемлекеттік қауіпсіздікті қамту – ортақ іс. Сондықтан Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары тарапынан жан-жақты көмек көрсетіледі», - деді Оразалин.
Кездесу қорытындысы бойынша Жем қаласын дамытуға ортақ күш жұмсау туралы келісімге қол жеткізілді.

adimage