ҚР ОСК пәтерлерге полицеймен бірге «сайлауалды аралау» жүргізу түсірілген видеоға түсінік берді

Күні: 12:10, 03-05-2019.

Астана. 3 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы  (ОСК) пәтерлерге полицеймен бірге «сайлауалды аралау» жүргізілген видеосына түсінік берді, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Сайлаушылар тізімімен әкімдіктер жұмыс жасап жатыр. Біздің оған еш қатысымыз жоқ», - деп хабарлады жұма күні ҚазТАГ ХАА тілшісіне ОСК-нен.  
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қыз баланың видео авторынан оның және оның туыстары  туралы мәліметтерін ұсынуын сұраған видеосы тарап кеткен еді.
«Бұл сайлауға байланысты керек. Үйлерді аралап жұрміз. Сізден басқа біреулер болса олардың да тізімін жасап жүрміз. Аты-жөндері, әкесінің аты, ЖСН (салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі - ҚазТАГ) керек», - деп мәлімдейді видеодағы қыз.  
Видео авторы  оның не үшін керегін сұрап, сайлау учаскелеріне өздері баратынын айтады. Сол кезде қыз бала пәтерден «есіктің артында полицей түр» деген сөздермен шығып кетеді.  
«Полицей, сізді шақырып жатыр… Білмеймін мені түсіріп жатыр», - дейді ролик кейіпкері.
Ары қарай кадрда камуфляж бен берет киген адам көрінеді. Видео авторы полицей мен қызға үйге кіруін сұрады. Бірақ формадағы жігіт  сыртта қалады да тек қыз бала ішке кіреді.  
«Біз ешқандай мәліметтерімізді бермейміз. Сайлау басталғанда, участокке барамыз, дауыс береміз. Алдын-ала біз туралы деректерді жазады деген ешқандай ережені білмейміз. Бізге ешкім ол туралы айтқан жоқ, ондай болуы да мүмкін емес», - дейді қыз бен полицейге видео авторы.  
«Сіз телевизордан көрген жоқсыз ба?» - деп сұрады ролик кейіпкері.  
«Жоқ», - деп жауап берді видео авторы..
«Жарайды», - дейді қыз бала да.
«Иә. Өзім тіркелген сайлау учаскесіне барамыз, дауыс береміз. Алдын-ала ешкімге ешқандай мәлімет бермейміз. Сау болыңыз», - деп аяқтайды сөзін ролик авторы.  
Бұл роликтің нақты қай жерде түсірілгенін автор да, видеоны таратушылар да нақтыламаған.  
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді.


Жаңалықтармен бөлісу: