Астана. 25 мамыр. ҚазТАГ – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Болат Бауыржанұлы Мажағұлов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Мажағұлов 2019 жылдың 29 шілдесінен бастап қазірге дейін Нұр-Сұлтан қ. ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбек етті. 2009 жылдан 2010 жыл аралығында Астана қ. Бейбітшілік және келісім сарайының директоры болды. 2010 жылдан 2015 жыл аралығында Астана қ. Мәдениет басқармасын басқарды. 2015-2018 жылдары — Астана қ. Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы. 2018-2019 жылдары — Астана қ. Мәдениет және спорт басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08