ҚР парламенті сенатының вице-спикері бастаған делегация Зеленскийді ұлықтау салтанатына қатысады

Астана. 20 мамыр. ҚазТАГ – ҚР парламенті сенатының вице-спикері Бектас Бекназаров бастаған делегация Украина президенті сайлауының жеңімпазы Владимир Зеленскийді ұлықтау салтанатына қатысады, деп хабарлады жексенбі күні сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Украина тарапының ресми шақыртуына сәйкес 2019 жылдың 20 мамырында Украина президенті Владимир Зеленскийді Киевте салтанатты түрде ұлықтау рәсіміне Қазақстан Республикасының делегациясы жоғары деңгейде қатысатын болады. Қазақстандық делегацияны ҚР парламенті сенатының төраға орынбасары Бектас Бекназаров бастап барады», - деп хабарлады ҚР СІМ-нен.
Еске салсақ, президент сайлауының екінші туры Украинада 21 сәуірде өтті. Елдің Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 30 сәуірде сайлаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша Зеленский 73,22% дауыс жинады (13 541 528 сайлаушы),қазіргі президент Петр Порошенко – 24,45% (4 522 450). Бюллетендердің 2,31% жарамсыз деп танылған.
Дауыс қорытындысын жариялағанға дейін 25 сәуірде Зеленский ОСК-ні сайлау қорытындысын жариялауды созып жіберді деп айыптаған болатын. Саясаткердің айтуынша, қорытындыны жариялауды созу ұлықтау салтанатының 27 мамырдан кейін өтуі үшін жасалады, және ол Жоғары Раданы таратып жіберу мүмкіндігіне ие болмады. 16 мамырда Украина Жоғары Радасы Зеленскийді ұлықтау мерзімі ретінде 20 мамырды белгіледі.

adimage