ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды

Астана. 11 шілде. ҚазТАГ - ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Ермек Аманшаев ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі болып тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, 2019 жылдың ақпан айынан Ермек Аманшаев ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болды. 5 жылдан астам уақыт елорда әкімі болып қызмет етті.

adimage