ҚР президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Күні: 12:57, 30-07-2019.

Астана. 30 шілде. ҚазТАГ - ҚР президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Ғани Сақтағанұлы Нығыметов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды», - делінген сейсенбідегі Ақорда хабарында.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2018 жылдың наурызынан бастап Нығыметов ҚР президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: