Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Асхат Ахметбеков. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке Қытай, Иран, Ресей және Еуропалық одақ елдерінің құрғақ, теңіз порттарындағы құрылыс және терминалды қуаттылықтарды жалға алу мәселесін зерттеп алуды тапсырды.
«Үкіметке Қытай, Иран, Ресей, Еуропалық одақ елдерінің құрғақ, теңіз порттарындағы құрылыс және терминалды қуаттылықтарды жалға алу мәселесін зерттеп алуды тапсырамын. Бұл жұмыс осының өзінде жүріп жатыр», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні өзінің Қазақстан халқына жолдауында.
«Сондай-ақ елдің шығысында логистикалық хаб және батысында теңіз инфрақұрылымын құруды жалғастыру қажет. Каспийдегі порттар арқылы батыс бағытындағы экспорттық әлеуетті арттыруға қазіргі таңда салынып жатқан Құрық портынан шығатын ауқымды паромды өткел мен Боржақты-Ерсай теміржол желісі жәрдем болмақ», - деп атап өтті ол.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның көліктік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту «хаб қағидаты бойынша макроаймақтарды қалыптастыру аясында іске асырылатын болады».
«Сонымен қатар инфрақұрылымдық қаңқа сәулелік принцип бойынша магистральдік, автомобильдік, теміржолдық, әуелік желілер арқылы Астана мен макроаймақтарды байланыстырады», - деп нақтылай өтті Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы Қазақстанға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік магистралінінің құрылысын аяқтау қажет екенін атап өтті.
«Ары қарай салатын боламыз, осының өзінде Астанадан Алматыға дейінгі, Астанадан Павлодар мен Семей арқылы Өскеменге дейінгі, Астана – Ақтөбе – Атырау, Алматыдан Өскеменге дейінгі, Қарағандыдан Жезқазған – Қызылордаға дейінгі, Атырау – Астрахань (көлік магистральдары – ҚазТАГ) басталып та кетті», - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конференциясына қатысу үшін Дубайға келді1 Желтоқсан 2023, 16:31
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, қар күтіледі1 Желтоқсан 2023, 14:47
-
Ұлттық қордан трансферттерге және «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларына $1,32 млрд жұмсалды1 Желтоқсан 2023, 12:50