Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – ҚР президенті жанындағы мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комиссияның отырысын мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова өткізді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен ҚР президенті жанындағы мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысында азаматтарды Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлықтарымен марапаттау жөнінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен, мемлекет басшысына ұсынылатын ұсыныстар қаралды», - делінген Ақорданың ресми сайтында сәрсенбі жарияланған хабарда.
Қалыптасқан дәстүр бойынша мемлекеттік сыйлықтармен марапаттау рәсімі Тәуелсіздік Күні қарсаңында өткізіледі.
ҚР Тәуелсіздік күні жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтіледі және мемлекеттік мереке болып табылады.
Қатысты сілтемелер
-
Токаев ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының президентін қабылдады6 Маусым 2023, 17:11
-
Алматы мен Ашхабад арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді6 Маусым 2023, 17:06
-
Жыл басынан бері 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас статусын алды6 Маусым 2023, 17:01
-
Қазақстанда бір аптада 15 адам суға кеткен6 Маусым 2023, 16:56