ҚР президентіне үміткер Садыбек Түгел мемлекеттік тілден емтихан тапсырды

Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президентіне үміткер Садыбек Түгел мемлекеттік тілден емтихан тапсырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Садыбек Түгел – бұл үміткер. Оған үш тапсырма қойылды. Біріншісі екі беттен асырмай «Тәуелсіз мемлекеттердің достастығы, тарихы және бүгінгі күні» тақырыбында шығарма жазу. Шығарманы жазу нәтижесінде лингвистикалық комиссия ол мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген қорытындыға келді», - деп хабарлады сәрсенбіде Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының лингвистикалық комиссиясының мүшесі Ғарифолла Есім.
Ол атап өткендей, Түгелге «пунктуация бойынша жекелей ескертулер болған».
«Екінші сұрақ – ол оқуын көрсетуі тиіс болған.Түгел Әбіш Кекілбаевтың «Дала балладасын» таңдаған. Бұл жерде де ол тілді еркін білетінін көрсеткен. Үшіншісі – ол аудиитория алдында еркін сөйлей алатынын көрсетуі керек еді. Оның таңдауы «Бабалар сөзі-даналық көзі» тақырыбына түсті. Ол бұл тапсырманы да орындап шықты. Мемлекеттік тілді еркін меңгерген, сөйлеу мәнері де жақсы», - деп түсіндірді Есім.
23 сәуірде Түгелдің президенттікке үміткер ретінде бірінші болып ОСК-ге 22 сәуірде құжат тапсырғандығы айтылған еді.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Мемлекет басшысының тиісті жарлығына қол да қойылды.
ҚР президенті лауазымына үміткерлерді ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады.

adimage