ҚР президентінің кеңесшісі тағайындалды

Күні: 10:49, 09-04-2019.

Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ – 8 сәуір күні Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Омаров Бауыржан Жұмаханұлы Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды», - деп хабарлады дүйсенбіде Ақордадан.
57-жасар Бауыржан Омаров әр жылдары ҚР ақпарат және мәдениет министрлігінің ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы (05.2009-03.2010); ҚР мәдениет министрлігінің тілдер комитетінің төрағасы (04.2010-07.2011); ҚР президенті баспасөз қызметі секторының меңгерушісі; ҚР президенті баспасөз хатшысының орынбасары (01.2013 жылдан бастап) қызметтерін атқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: