ҚР президентінің парламенттегі өкілдігінің жаңа басшысы тағайындалды

Астана. 19 шілде. ҚазТАГ – ҚР президентінің парламенттегі өкілдігінің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін ҚР президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметін 2013 жылы тағайындалған Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов атқарған еді.

adimage