Астана. 6 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның, Ресей мен Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі РФ мен Өзбекстанда оқшауланған Қытайдан келген қазақстандықтардың жағдайын бірігіп бақылайтын болады, деп хабарлады ҚР денсаулықминінің баспасөз қызметінен.
«Тараптар (ҚР, РФ және Өзбекстанның денсаулық министрліктері – ҚазТАГ) үнемі байланыста болып, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің шұғыл орталығы арқылы ақпаратпен алмасатын болады. Атап айтсақ, ҚР денсаулық сақтау министрлігі РФ және Өзбекстанның денсаулықминдерімен бірге Ухань қаласынан РФ арнайы бортымен Түменге (үш қазақстандық) және Өзбекстанның Ташкент қаласына (бес қазақстандық) жеткізілген біздің елдің азаматтарының денсаулығына мониторинг жасайтын болады, олар екі аптаға оқшауланған», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Ведомствода атап өткендей, мұндай келісімге ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың Ресей мен Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлері Михаил Мурашко мен Әлішер Шадмановпен телефон арқылы сөйлесу нәтижесінде қол жеткізілген.
Хабарда айтылғандай, Біртанов әріптестеріне коронавирусты инфекциямен күресуге және қазақстандықтарды Ухань қаласынан эвакуациялауға көрсеткен қолдаулары үшін алғыс білдірді.
«Жағдай денсаулық сақтау министрлігінің үнемі бақылауында. Ресми ақпаратты денсаулықминінің Facebook парақшасынан оқи аласыздар, ал туындаған сұрақтарыңыз бойынша 1406 нөміріне call-орталыққа тәулік бойы хабарласуға болады», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51