ҚР сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды

Күні: 13:30, 28-06-2019.

Астана. 28 маусым. ҚазТАГ - ҚР сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Жәнібек Мақсұтұлы Нөпіров Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды», - делінген жұма күні Ақорда сайтында жарияланған хабарда.
Еске салсақ, 17 маусымда ҚР сауда және интеграция министрлігі құрылған болатын, оны Бақыт Сұлтанов басқарады.


Жаңалықтармен бөлісу: