ҚР СІМ Бішкек маңындағы Қазақстан студентінің өліміне қатысты түсінік берді

Күні: 18:59, 04-03-2019.

Астана. 4 наурыз. ҚазТАГ – Бішкек маңында өлі табылған Қазақстан азаматының денесі туыстарына берілді, деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
«Өткен аптада Бішкекте жас адамның денесі табылған болатын. Ол Қазақстан азаматы болып табылды. Оның денесі туыстарына берілді. Алдын-ала нұсқа бойынша – ол өз-өзіне қол жұмсаған, себебі оның қасынан тапанша табылған», - деді дүйсенбі күні брифинг барысында Смадияров.
Ол атап өткендей, Қырғызстан полициясы өз тергеуін жүргізуде.
Еске салсақ, 26 ақпанда Бішкек маңындағы Кой-Таш ауылында көлік салонынан Қазақстан азаматының денесі табылды. 24 жасар Атанух Шерматов Бішкекте тұрған, елордалық ЖОО-ның бірінде оқыған. Оның денесінен басының самай маңынан тапанша жарақаты табылды, қолында Макаров тапаншасы болған. Көлік салонынан милиция оқ пен гильза тауып алған. Марқұмның достары оның бұған дейін қаруын көрсеткенін айтты. Достары төртінші курс студентінің суицидке бейімділігін байқаған екен.


Жаңалықтармен бөлісу: