ҚР СІМ-де коронавирусқа байланысты қауырт желі ашылды

Күні: 18:41, 28-01-2020.

Астана. 28 қаңтар. ҚазТАГ – ҚР сыртқы істер министрлігінде (СІМ) коронавирус мәселесі бойынша қауырт желі ашылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ҚР Сыртқы істер министрлігінде ҚХР-дағы коронавирус мәселелері бойынша қауырт желілер ашылғанын хабарлаймыз. Жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады: +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93. Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері +7 (7172) 72-01-11 нөмірі бойынша хабарласуға болады», - деп хабарлады сейсенбіде сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар СІМ еске салғандай, ҚХР-дың кейбір қалаларында карантиннің енгізілуіне байланысты Қытай аумағындағы азаматтарымыз үшін Қазақстанның Бейжіңдегі Елшілігінде +86 10 65324189 телефоны бойынша тәулік бойы қауырт желі ашылды.
Еске салсақ, 2019 жылдың желтоқсан айының аяғында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмонияның өршуі орын алды. Соңғы ақпарға сәйкес, қазір 2.7 мың науқас тіркеліп, олардың 80-і көз жұмған. Көптеген елдер, соның ішінде Қазақстанда да пневмонияның өршуіне орай әуежайлар мен шекаралық бақылау-өткізу пункттерінде бақылауды күшейтті. Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға коронавирустың таралуына орай Ухань қаласына барудан бас тарта тұруға ұсыныс білдірді. ҚР СІМ ақпарынша, Қытайдың Ухань қаласында 98 қазақстандық студент қалып отыр.
26 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан Қазақстан аумағына коронавирустың таралуын болдырмаудың алдын алу үшін ұйымдастырушылық шараларын қабылдауды тапсырды. Сол күні Қазақстан көрші елден ел аумағына вирустың кіріп кетуінің алдын алу мақсатында «Қорғас» халықаралық шекарамаңы ынтымақтастық орталығы (ХШЫО) және Қытаймен мемлекеттік шекара маңындағы барлық бақылау-өткізу пункттерін уақытша жапты.
Кейін белгілі болғандай, «Қорғас» ШЫХО коронавирус профилактикасы мақсатында 15 ақпанға дейін жабылды.


Жаңалықтармен бөлісу: