ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі департаментінің директоры Серік ЖАРАСБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ СОЧИГЕ ТЕК ЖАЛАУШАЛАРДЫ СЕРМЕУГЕ ҒАНА БАРА ЖАТҚАН ЖОҚ

 

Алматы/Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ - Данияр Дауталиев, Жанболат Мамышев. Ағымдағы жылдың 7 ақпанында ресейлік Сочиде кезекті ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары басталады. Оған қоса Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері төртжылдықтың ең басты қысқы ойындарына өкілдік делегациясын жіберейін деп отыр. Ал ондағы ойындарда біздің елімізді кім таныстыратыны туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры Серік Жарасбаев ҚазТАГ-қа берген сұхбатында әңгімелеп берді.

 

- Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындарында қазақстандық ресми делегация құрамында бірнеше жүздеген адам болатыны рас па? Тіпті 400 адам деген сандар да келтірілді. Солай ма?

 

- Біз бұл делегацияға 400 емес, 300-ден сәл аздау адамды қосып отырмыз. Себебі Халықаралық олимпиада комитетінің талаптарына сәйкес жаттықтырушылар штабының құрамына Олимпиада ойындарына қатысу үшін иемденген лицензиялар санының 50%-ын құрайтын адамдар саны ғана қатыса алады. Яғни біздің лицензиямыз 40-тан көп болса, онда 20-22 адам, одан көп емес.

 

-Ал қазіргі таңда қазақстандық олимпиада құрамына қанша спортшы енген?

 

- Барлығы 43. Бұл әлі жеткіліксіз. Дегенмен ақырғы тізім анықталатын соңғы мерзім - 19 қаңтар. Біз әлі 2-3 лицензия алуға үміттіміз. Әзірге 43 спортшы Олимпиадаға қатысу құқығын иеленді. Осы 43 спортшыныңм 52 лицензиясы бар. Сонымен қатар бір шаңғышы, Алексей Полторанинге 10-12 адам қызмет көрсетуге барады, олар - психолог, дәрігер, бірнеше май жағушылар, массаж жасаушылар, кеңес берушілер және тағы басқалар. Сондықтан біздің барлық көш бастаушыларымызды қамтамасыз ету үшін ол жаққа көптеген адам апаруымыз керек, сондықтан біз үкіметке ол жаққа қазақстандық делегацияны апару, оны құру туралы бастама жасадық.

 

- Біздің елімізді нақты кімдер таныстырады?

 

- Біріншіден, оған, былайша айтқанда, штаб құрамынан түсіп қалған мамандар кірді. Штабқа шамамен 100 адамдай кірмей қалды. Екіншіден, бұл, әрине, бір кездері еліміздің намысын халықаралық жарыстарда қорғаған спорт ардагерлері - олимпиадашылар Смирнов, Прокашева, Гаранин, Жиров, Смагин. Олар ол жаққа қандай да бір көрсеткіштер көрсеткендері үшін емес, өз уақыттарында елімізде қысқы спорт түрлерінің дамуына қосқан үлестері үшін барады. Осы делегацияның құрамындағы үшінші топ - журналистер, 40-тан астам адам. Олар біздің баспасөз орталығымызда жұмыс жасау – сапалы ұйымдастыру, ақпаратты дер кезінде осында, Қазақстанға, жеткізу үшін бара жатыр. Олар келгеннен кейін, олардың жұмысының нәтижесі бойынша барша Қазақстан Олимпиада ойындарының қалай өткенін білу үшін. Сондай-ақ спорт агенттігінің өкілдері, баспасөз орталықтарының қызметшілері болады. Сонымен қатар, біз ол жақта еліміздің жетістіктерін насихаттаау бойынша бірқатар имидждік шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ, ол Алматы қаласының 2022 жылы өтетін XXIV қысқы олимпиада ойындарын өткізуге үміткер ретінде қатысуы, сондай-ақ EXPO-2017.

 

- Ал жанкүйерлерді іріктеу қандай қағида бойынша жүргізілді? Арнайы ірктеу жасалды ма?

 

- Қазақстандық делегация өте байсалды түрде жасақталды, іріктеу қатаң түрде өтті. Бұл тізімді жасауға жарты жылдай уақыт кетті. Демек сол ардагерлер - біздің облыстық білім басқармасының, өңірлік ведомстволардың, ведомствоға бағынышты ұйымдардың ұсыныстары, яғни олар спорт саласының қызметкерлері.

 

- Неліктен сондай шешім қабылданды?

 

- Себебі бұған дейін Олимпиадада мұндай болған жоқ. Ол (ресейлік Сочи - ҚазТАГ) гегографиялық тұрғыдан Қазақстанға жақын орналасқан, бізге көрші ел. Біздің Ресеймен қарым-қатынасымыздың қандай екенін сіз білесіз - еркін кіру, бірыңғай кедендік аймақ, сондықтан ол жаққа көп адам апару керек. Және, әрине, қазақстандық делегация құрамында спортшылар барады - қолдау үшін, былайша айтсақ, Олимпиада ойындарына 4 жыл бойы дайындық жұмыстарын жүргізген адамдарын қолдау үшін. Себебі бізде 2017 жылы XXVIII қысқы универсиада өтеді және бұл спортшылар жарыс рухын сезіне алу үшін, әрине өз әріптестерін қолдау үшін барады.

 

- Демек, мемлекеттік қызметшілерден тек ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің қызметшілері болады ғой?

 

- Ресми делегация құрамында мемлекеттік қызмет өкілдерінен спорт жөніндегі агенттіктен – 5 адам, басқа министрліктерден, ведомстволардан - жоқ.

 

- Ресми делегацияны кім басқарады?

 

- Қазақстандық делегацияны әлбетте спорт агенттігі Ұлттық олимпиада комитетімен бірге басқарады. Олар қазақстангдық ресми делегацияны да басқарады деп айтуға болады.

 

- Олар Сочиде қанша уақыт болады? Сол уақыт бойы олар лайнерде тұратын бола ма?

 

- Біз делегацияны екі кезеңде жібереміз: біріншісі - 6 - 15 ақпан аралығы, екіншісі - 15 - 24 ақпанда. Олар Адлер қаласында байланған круиздік лайнерде тұратын болады. Олардың саны жетеу, солардың бірінде біз тұрамыз. Неге осы лайнерлер? Себебі бұл қажет шара, себебі басқа орындарда тұру өте қымбат, ал лайнерлер бұл жағдайдан шығудың бір жолы. Ол шын мәнінде Олимпиада ауылында немесе Олимпиада саябағында орналасқан қонақ үйлерден мейлі ол төменгі кластер немесе жоғары кластер болсын, арзан. Тек біз ғана емес - көптеген еупропейлік елдер де осы лайнерлерде тұратын болады. Егер мен қателеспесем, Франция мен Швеция бірге тұратын болады. Ол жерде терезелері бар кәдімгі палубалы каюталар бар - екі орынды, бір орынды. Лайнерлердің барлығының бағасы бірдей.

 

- Сонда олар 14 күн бойы сол жерде тұра ма?

 

- Дөрекі айтқанда, иә. Одан сәл аз.

 

- Шамамен айтқанда бір адамның лайнерде тұруы қаншаға шығады?

 

- Шамамен 7,5 мыңнан 8 мың долларға дейін.

 

- 300 адамға 500 миллион теңге деген сан айтылды.

 

- Бұл толықтай алғанда, баспасөз орталығын ұйымдастыруды және басқаларын да есепке алғанда.

 

- Сондай-ақ, Қазақстаннан бару және кері қайтудағы транспорттық шығындарын қоса алғанда ма?

 

- Осы сапарға кіреді деп айта аламын. Оған Алматы - Сочи авиаұшуымен сол жаққа бару және кері қайтуы, лайнерде тұруы, таңғы асы, сондай-ақ негізінен біздің жетекші спортшылар қатысатын жарысқа билетпен қамтамасыз ету. Яғни ойында спорттың 15 түрі болатын болса, біз соның 10 түріне қатысамыз, демек біз спорттың осы түрлеріне қамтамасыз етеміз деп ойлаймын.

 

- Демек, қазақстандық делегацияның сапары мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландырылады ма?

 

- Иә, бюджеттен, «Самұрық-Қазына» қорынан.

 

- Қазақстандық делегация мүшелері мемлекет есебінен лайнерде қандай да бір қосымша қызметтер ала ала ма?

 

- Жоқ, әрине. Мен сізге бірден айтайын: ол жаққа ешкім көңіл көтеру үшін немесе демалу үшін бара жатқан жоқ. Делегацияның біраз бөлігінде нақты тарсырмалар болады. Тар көлемді мамандар да – жұмыс жасауға бара жатыр, журналистер де жұмыс жасайды, спортшылар жанкүйер болады, сондықтан ол үшін бара жатқан жоқ.

 

- Делегацияның ресми жабдықталуы бойынша - ол бола ма? Егер болса, оған не кіреді?

 

- Қазақстандық делегацияны біз Қазақстан мен Алматы-2022 бейнесі бейнеленген күртешемен, кепештермен, шәрпімен, қазақстандық бейнелер және атрибуттармен, жалаушалармен қамтамасыз етуге тырысамыз.

 

- Тек үстіңгі ғана жабдықтар ма?

 

- Жоқ. Толық спорттық жабдықтармен тек ұлттық спорттық команда ғана қамтамасыз етіледі.

 

- Жанкүйерлерге арналған жабдықтар да мемқаржы есебінен төлене ме?

 

- Сол қаржыдан. Мен оның қанша тұратынын білмеймін. Сіз өзіңіз де шамамен үш заттан тұратын жинақтың қанша болатынын түсініп отырған шығарсыз. Ол қымбат емес.

 

- Ресми делегация жарнамалық-үгіт материалдарымен, баннерлермен, транспаранттармен қамтамасыз етіле ме?

 

- Иә, міндетті түрде.

 

- Делегацияның Сочидегі қауіпсіздігін кім қамтамасыз ететін болады? Ол үшін қазақстандық әлеуетті органдардың өкілдері тартыла ма?

 

- Сочидегі олимпиада ойындарында ресейлік тарап теңдессіз қауіпсіздік шараларын қабылдады. Ол жаққа азық-түліктерді әкелуден бастап, транспортқа дейін және барлық медико-биологиялық қамтымға дейін бақылау жасау бойынша РФ президентінің жарлығы бар. Мысалы, ол жаққа барлық жер үсті-транспорттық жеткізулерге тыйым салынған - тек арнайы тексерістен өткен авиарейспен жеткізуге болады. Әр адамды теңестіру мүмкін болу үшін осы ойындардың барлық жанкүйерлерін жанкүйер құжатымен қамтамасыз етеді. Біздің делегция да толығымен құжаттарын ұсынады - төл құжаты, суреті, кемеде тұру анкетасы толтырылады. Сауалнама мәліметтеріне байланыс телефоны, тұратын жерін қоса алғанда ол адам туралы барлық мәлімет болады, яғни мұның барлығы бақылауда болады. ФҚҚ тарапынан теңдессіз қауіпсіздік шаралары жасалып жатыр, тағы да айтамын, әсіресе, Волгоградтағы жақындағы жағдайлар бойынша.

 

- Ресми делегация бойынша түсінікті. Ал сізде Сочидегі Олимпиадаға қазақстандық жанкүйерлердің жалпы саны бойынша қандай да бір деректер бар ма?

 

- Бюджет қаржысы есебінен баратын біздің қазақстандық делегациядан басқа, әлбетте, ол жаққа өз есебінен кез келген адам да бара алады. Менің білуімше, қазір оның саны шамамен 100-150 адам. Алайда олар әр түрлі уақытта барады, міндетті түрде біз көрсеткен уақытта емес. Және олардың барлығы да лайнерде тұрмайды, яғни кейбіреулерінің қонақүйді таңдауы да мүмкін.

 

- Сұхбатыңызға рахмет!


adimage