ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары ауысты

Астана. 12 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары ауысты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Исатай Бақтиярұлы Сартаев – Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды», - делінген сейсенбіде Twitter-дегі Ақорда хабарында.
Еске салсақ, И. Сартаев 2018 жылдың 27 қыркүйектен бастап ҚР «Сырбар» барлау қызметінің директоры қзыметін атқарған, ал 2019 жылдың 12 ақпанынан бастап мемлекет басшысының жарлығымен оның директоры болып Ғабит Байжанов тағайындалған. Бұған дейін Ғ.Байжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болған.
Сонымен қатар, 12 ақпанда бұрынғы ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Ал Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалған.

adimage