ҚР төрт жылда инвестиция тартуға мембюджеттен Т18 млрд жұмсамақ

Күні: 14:13, 18-10-2019.

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан төрт жылда инвестиция тартуға мемлекеттік бюджеттен Т18 млрд жұмсамақ, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Әңгіме екі бюджеттік бағдарлама аясындағы Т17 820 196 000 сома туралы, атап айтсақ, «Қазақстан Республикасына инвестиция тартуға ықпал ету» – Т16 211 465 000 және «Инвестиция тарту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» – Т1 608 731 000.
«Қазақстан Республикасына инвестиция тартуға ықпал ету» бюджеттік бағдарламасы аясында сыртқы істер министрлігі 2019 жылға Т5 200 232 000, 2020 жылға – Т4 947 179 000, 2021 жылға – Т3 032 027 000 және 2022 жылға – Т3 032 027 000 сұраған.
«Инвестиция тарту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша СІМ 2019 жылға 461 419 000, 2020 жылға – Т327 324 000, 2021 жылға – Т412 034 000 және 2022 жылға – Т407 954 000 сұраған.


Жаңалықтармен бөлісу: