Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды», - делінген жұмадағы хабарда.
Қамалетдинов 2016 жылдан бастап Қазақстан қорғаныс күштері құрлықтағы әскерінің бас қолбасшысының бірінші орынбасары, 2013-2016 жылдары «Астана» аймақтық қолбасшылығының әскерін басқарған, одан бұрын 2012 жылдан бастап өңірлік қолбасшылық қолбасшысының бірінші орынбасары - «Астана» аймақтық қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы басқарма штабының бастығы болған.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00
-
Бектенов депутаттардың «Отбасы банкіне» қатысты сынына жауап берді29 Наурыз 2024, 14:51
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53