ҚР тұңғыш президентінің қорының атқарушы директоры Бектас МУХАМЕДЖАНОВ: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ ТӨНІП ТҰРҒАН ЕШҚАНДАЙ ҚАУІП ЖОҚ

 

Алматы. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеді. Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің қорының атқарушы директоры Бектас Мұхамеджановтың пікірінше, интеграциялық үдерістер ел тәуелсіздігіне қауіп төндірмейді, бірақ басқа қауіп-қатерлер бар.

 

- Бектас Ғафурұлы, Сіз Қазақстанның бүгінін қалай сипаттаған болар едіңіз?

 

- Қазақстанның халықаралық жағдайының ең жақсы сипаттамасы - Қазақстанның әлем қауімдастығында алатын орны. Ең алдымен ол Біріккен Ұлттан ұйымының лайықты мүшесі, осы ең беделді халықаралық ұйымның жұмыс органы ретінде құрылған көптеген комитеттерге кіреді. Одан басқа Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы төрағалығы, оның алдында ЕҚЫҰ-дағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығы, Қазақстанның интеграциялық үдерістердегі белсенді рөлі бар. Қазір Еуразиялық одақ жәй айтыла салған идея емес, іс жүзінде іске асырылып жатқаны – ол Қазақстанның 20 жылда өткенінің ең жақсы көрсеткіші.

 

- Қазір Кедендік одақ, ЕурАзЭҚ және Біртұтас экономикалық кеңістік Қазақстан тәуелсіздігінің жоғалуына әкеліп соғуы мүмкін деген қауіп көп айтылуда. Олардың қаншалықты негізі бар?

 

- Мен адамдар бұл туралы айтқанда, қазір құрылып жатқан интеграциялық бірлестіктердің байыбына онша бара бермейді және бүгінге жинақталған халықаралық тәжірибені ескермейді деп айлаймын. Интеграциясыз бір де мемлекет қазіргі заманда өмір сүре алмайды, күнен күнге көп елдерді жалмап келе жатқан қаржылық-экономикалық дағдарыспен байланысты туындайтын үлкен қатерлерге қарсы тұра алмайды. Интеграция - бұлтартпас үдеріс, және ол тәуелсіздікке ешқандай қауіп төндірмейді. Егер еуро аумағы немесе еуроапылқ одақ сынды интеграциялық  бірлестіктер туралы айтатын болсақ, онда Германия, Франция немесе Италия өздерінің тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуымызға бола ма? Шанхай ынтымақтастық одағы керісінше, оған кіретін елдердің тәуелсіздігін нығайта түсті. Бүгінге ол ұйым ішкі істерге қол сұқпау тұрғысынан қуатты «шатырға» ие.

 

- Сіз қалай ойлайсыз, Қытай Қазақстандағы қандай да үдерістерге, айталық, экономикасына араласа ала ма?

 

- Түптеп келгенде Қытайдың саясаты экономикалық экспансияға бағытталған. Қытай өзінің экономикасын шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге және өзінің тауарларын сыртқа шығаруға мүдделі. Бұл ретте ол мемлекеттік қолдампаздық (протекционизм) саясатын белсенді  қолданады. Үлкен мемлекет міндетті түрде өзінің ықпал ету аумағын арттыра түсуге ұмтылады. Осыған байланысты Қазақстан қорғанудың абсолютті барабар шарасы – Ресей, Беларусьпен Кедендік одақты құрды. Келесі кезең – Біртұтас экономикалық кеңістікті, экономикалық одақты құру. Себебі осыншама қарқынды дамып келе жатқан көршіге қарсы тұру, әрине, өте күрделі.

 

- Әлемдік дағдарыстың алғашқы толқынының көптеген басқа мемлекеттерге қарағанда Қазақстанға онша әсері болмады. Қазір екінші толқын туралы айтуда. Интеграция оған табысты қарсы тұруға көмектесе ала ма?

 

- 2008-2009-шы жылдарғы дағдарыстан Қазақстан ешқандай шығын көрген жоқ деп айтуға болмайды. Осы аралықта Ұлттық тұрақтандыру қорынан 10 млрд-тан астам қаражат жұмсалды. Олар отандық банктерді, өндірісті қолдауға, экономиканы ынталандыруға жұмсалып, ол шынымен де терең рецессияға ұшыраудан сақтады. Осы аралықта біз тұрақтандыру қорын толықтырып қана қоймай, оны арттыра да алдық, сондықтан болжам тым көңіл көншітерлік болмаса да, Қазақстан жинаған қор дағдарыстың тағы 2-3 жылын еңсеруге жетеді. Мен Қазақстан жинақтаған тәжірибе жаңа туындайтын қауіп-қатерге қарсы тұруға көмектеседі деп ойлаймын. 

 

- Қазақстан тәуелсіздік жылдары 2008-2009-шы жылдарғы дағдарыстан басқа қандай қиындықтарға ұшырады? Олардың қайсыларын еңсеріп, ал қайсыларын жеңе алмады?

 

- Көптеген сарапшылардың пікірінше, Қазақстан экономика саласындағы реформаны өте табысты жүргізе алды. Егер 90-шы жылдың басындағы гиперинфляцияны, Қазақстанның рубль аумағынан ысырып тасталған уақытты еске алсақ, Қазақстан біздің президентке деген сенімінің арқасында біз сол қиындықтардан шыға алды. Ең маңызды жетістігіміз – біздің барлық көршілерімізбен мемлекеттік шекараны айқындап, заң жүзінде бекіту болды. Бізде адамдарды әлеуметтік қорғау және әлеуметтік кепілдік саласында да жетістіктеріміз үлкен.  

 

- Осы жылдары Қазақстанда ұлтаралық, дінаралық қақтығыстар, терроризм проблемасы туындаған жоқ деуге болады. Биыл Қазақстанның бірнеше қаласында болған жарылыстарды ескерсек, алдағы уақытта осындай жағдайды сақтап қалу мүмкін бе?

 

- Мен бұл процестерді сыртқы әсерден деп ойлаймын. Елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға мүдделі адамдар бар, осындай процесс арқылы Қазақстанда болып жатқан ішкі процестерге өз ықпалын қамтамасыз етіп, күшейткісі келетін елдер бар. Бүгінгі күні біз көбінесе қолданылатын құрал - діни фактор және бізде болып жатқан процестердің дені діни мәселелермен байланысты. Көп адамдар Қазақстан қадағалап қарамады, ол процестерді байқамай қалды деп айтып жатыр. Біздің арнайы қызметтер тарапынан профилактика шаралары әлсіреп, біз ол мәселелердің алдын ала алмағанымыз анық. Ал жалпы, Қазақстанда тіл саясаты саласында, ұлтаралық қатынастар саласында жүргізіліп келген саясат бізге 20 жыл бойы тыныштықты сақтауға көмектескен сенімді негіз болды.

 

- Парламенттің көппартиялық жүйеге ауысуына байланысты саясат өзгеруі мүмкін бе, қай проблеманың маңыздырақ екеніне және оны қалай шешу керектігі туралы әрбір партияның өз пікірі бар ғой?

 

- Парламенттің ең басты функциясы - түрлі әлеуметтік топтарға өз өкілдеріне ие болу, олар арқылы өз идеяларын, өз көзқарастарын білдіру мүмкіндігін беру. Мәселелер алаңдарда емес, парламентте шешілуге тиіс. Бұл тұрғыда мен парламенттің көппартиялық болатынына оптимизммен қараймын, онда шынымен де қоғамның түрлі топтарына өз өкілдері арқылы өз мәселелерін айтып, оларды шешуге мүмкіндік берілетініне сенемін. Парламент проблемалар шығарылып, жеке топтардың емес, тұтастай қоғамның көңілінен шығатын шешімдер табылатын орын болуға тиіс.

 

- Алдағы 5-10 жылда Қазақстан қандай проблемалармен бетпе-бет келуі мүмкін, бұл уақытта ең үлкен жетістіктер қандай болады?

 

- Бәрін алаңдатып отырған ең үлкен мәселе - биліктің сабақтастығы мәселесі. Кез-келген мемлекетте билікті тапсыру процесі ауыртпалықсыз өтпейді. Мемлекеттік және қоғамдық институттар кемелділігін көрсетіп, бірқалыпты ауысуды қамтамасыз ету үшін билікті біртіндеп беру жүйесін құру өткір мәселе болады. Бұл процеске сыртқы ойыншылар да ықпал еткісі келеді деп ойлаймын. Ал Қазақстанның бұл уақытта қол жеткізуі мүмкін жетістіктері қазір жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар - таза ауыз су, жолдар, денсаулық сақтау жүйесінің деңгейін көтеру, өмір сапасына байланысты, қазақстандықтар үшін жайлы жағдайлар жасауға байланыстының бәрі. Бұл үшін көп жұмыс жүргізіліп жатыр, бірақ бұл мақсаттар үшін пайдаланылып отырған үлкен мемлекеттік ресурстарды тиідірек бақылап, әлеуметтік салаға салынған әрбір теңге тиімді нәтиже беруі үшін қоғамды тарту керек.

 

- 10 жылдан кейін біз шикізат экономикасынан бәсекеге қабілетті өндіріске көшеміз бе?

 

- Жоқ, әрине. Жоспарланып отырған мұнай өндіруді арттырудың қарқыны өңдеуші өнеркәсіпке лайықты спарринг-әріптес болуға мүмкіндік бермейді. Бәрібір бізде шикізат секторы басым болады, бірақ біздің экспортымыздың кем дегенде 30-35% өңдеуші өнеркәсіптің үлесінде болуға тиіс. Біздің тағам өнеркәсібі саласында да мүмкіндіктеріміз мол. Азық-түлік проблемасы жыл өткен сайын күшейеді, ал Қазақстан көршілері үшін қуатты азық-түлік базасына айналуы мүмкін. Әрине, шикізаттық бағыт қалады, бірақ Қазақстанның өнеркәсіпті көтеруге, әсіресе ауыл шаруашылығына, тағам өнеркәсібіне бағытталған индустриалды-инновациялық дамуы Қазақстанға өз экономикасын қолайлы ауқымдарда әртараптандыруға мүмкіндік береді.

 

- Қазақстан Ресей, АҚШ, Қытай сияқты ықпалды мемлекет бола ала ма?

 

-Бұл жерде мемлекет ықпалының деңгейін анықтайтын факторлар көп - халқының саны, дамыған ғылыми әлеуеті, ең алдымен, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті. Бүгінгі күні елдің позициясы күш тұрғысынан анықталатыны құпия емес. Америка мен Солтүстікатлантикалық блок кімнің қолында күш болса, соның құқығы да көп екенін көрсетіп отыр. Бұл тұрғыда Қазақстанның кемшіліктері бар. Біздің халқымыздың саны шектеулі, әскери-өнеркәсіп кешені дамымаған, осы себепті Қазақстанды ҰҚШҰ сияқты ұйәымның құрамында, Еуразиялық одақтың құрамында көруге тиіспіз. Қазақстан осы ұйымдар арқылы ықпалды ойыншыға айнала алады. Бүгінгі күні Қазақстан Еуропа мен Ресейді жақындата алатын көпірдің ролін атқарып отыр. Ал басқа жағынан, Қазақстан түрлі діндерді жақындастыру, ядролық қарусыздану идеяларын насихаттау саясатын табысты жүргізіп отыр, бұл Қазақстанға әскери әлеуетке қарамай, шынымен де ықпалды ойыншы болуға көмектесіп отыр.

 

- Сұхбатыңызға рахмет!


adimage