ҚР ЦДИАӨМ геодезия және картография комитетінің төрағасы тағайындалды

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Омаш Серғазы Бағдатұлы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Омаш 2018-2019 жж. — ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы. 2019 жылғы мамырдан тамыз аралығында - «Зерде» ҰАХ АҚ Басқарма мүшесі - Төрағасы. 2019 жылғы тамыздан қазірге дейін ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің Төрағасының міндетін уақытша атқарушы қызметінде болды.

adimage