ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

Астана. 20 қараша. ҚазТАГ – Асқар Жамбакин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметінен.
«ҚР Үкіметінің қаулысымен Асқар Серікұлы Жамбакин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген жұмадағы хабарда.
Жамбакин еңбек жолын 2003 жылы «Эйр Қазақстан» ЖАҚ байланыс торабының бірінші санатты байланыс технигі болып бастаған. 2010-2011 жылдары — «HSBC Қазақстан банкі» АҚ ЕБ корпоративтік жүйелер бөлімінің басшысы, директ маркетинг бойынша офицері. 2011-2014 жылдары «Қазақстанның даму банкі» АҚ әдістеме және бизнес-процестер басқармасының басшысы, бизнес-процестер және корпоративтік даму департаменттерінің директоры болып жұмыс істеген. 2014-2016 жылдары — ҚР Ұлттық банкінің төлем жүйелерін басқару және дамыту департаменті директорының орынбасары. 2016-2017 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ департаменті директорының орынбасары, директоры лауазымдарын атқарған. 2017-2018 жылдары — «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» жобалық кеңсе бағдарламаларының менеджері, басқарма төрағасының кеңесшісі.
2018 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі таңға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

adimage