ҚР жаңа ішкі істер министрі тағайындалды

Күні: 15:59, 12-02-2019.

Астана. 12 ақпан. ҚазТАГ – ҚР жаңа ішкі істер министрі тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалды»,- делінген сейсенбіде Twitter-дегі Ақорда хабарында.
Бұған дейін бұл қызметті Қалмұханбет Қасымов атқарған еді. Ол ҚР ІІМ басшысы болып 2011 жылдың сәуірінде тағайындалған.
Еске салсақ, 12 ақпанда Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.


Жаңалықтармен бөлісу: