ҚР Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды

   Астана. 30 мамыр. ҚазТАГ- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Талғат Ибрашев қызметінен босатылды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
   30 мамыр күні Сенатта оны Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Талғат Ибрашевты қызметінен босату мәселесі қаралып, қаулы бірауыздан қолдау тапты.
   Талғат Ибрашев Алматы облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.

adimage