ҚР жолаушылар тасымалында Sukhoi Super Jet 100 ұшағы қолданылмайды

Күні: 18:20, 06-05-2019.

Алматы. 6 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның азаматтық авиациясында Sukhoi Super Jet 100 бір ғана ұшағы бар, ол жолаушылардың тұрақты тасымалында қолданылмайды, деп хабарлады индустрия жән инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінің (ААК) баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында Sukhoi Super Jet 100 бір ұшағы бар, оның тіркелген нөмірі UP-SJ001. Әуе кемесін Comlux-KZ әуекомпаниясы қолданады. Ұшақ АҚШ-та жаңартудан өткен және борт тек бизнес класты ғана жүзеге асырады», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, ұшақ тұрақты жолаушылар тасымалы рейсінде қолданылмайды.
«UP-SJ001 экипаждары аталмыш ұшаққа қажет толық дайындық курсынан өткен», - делінген хабарда.
Бұған дейін ҚазТАГ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлағандай, Мәскеуде Шереметьевода Sukhoi Superjet 100 ұшағы өртеніп 40-тан астам адам қаза тапты.
«Мәскеуден Мурманскіге бара жатқан SSJ-100 жолаушылар ұшағы апатты қону барысында Шереметьево әуежайында өртенген. Тергеу комитетінде 78 адамның 41-нің көз жұмғанын растады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Ұшақтың өртенуінің негізгі себебі – найзағайдың түсуі.


Жаңалықтармен бөлісу: