Рақым Ошақбаев: Қазақстандық компаниялар дағдарыстан девальвациясыз өте алады деген үміт бар

Астана. 1 маусым. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Рубльдің құлыдрауымен қазақстандық кәсіпкерлер тек ресейлік әріптестерімен ғана емес, сонымен қатар қазақстандық нарықта да бәсекелестік қатая түседі деп айта бастады. Ресей және Беларусьпен интеграцияның тереңдеуі қалай ықпал етті және экономикалық одаққа Қырғызстанның кіруімен бізді не күтіп тұрғаны туралы ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төраға орынбасары Рахым Ошақбаев айтып берді. 

 - Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойылғалы бір жыл өтті. Одақ жұмысының қандай алдын ала қорытындысы туралы айтуға бола ма? 

- Келісімге қол қойылғалы бір жыл өтті, ал келісім күшіне 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап енді, сондықтан жаңа форматтағы жұмыстың басталғанына 5 ай өткендігі туралы айтуға болады. Келісім дегеніміз – нормативтік-құқықтық базаны белгілі өзгерістермен кодификациялау деген сөз ғой. Сондықтан бізде 2010 жылдан бері кедендік бақылауды алып тастаған соң Кедендік одақ болған деп айтуға болады. Одан соң біртұтас экономикалық кеңістік пайда болды, онда тауарлардың еркін айналымына тағы декларацияланған еркіндік қосылды. Келесі кезең – осы барлық нормативтік-құқықтық базаны кодификациялау. Бұл жердегі маңыздысы интеграциялық үдерістер. Ол одаққа Арменияның қосылуы және алда Қырғызстанның қосылуы. Соңғы оқиға біз үшін маңызды, себебі Қырғызстанның одаққа қосылуы туралы келісім бекітілген соң, Қырғызстанмен шекарадағы кедендік бақылау алынып тасталады. 

 - Ол жалпы қазақстандық бизнеске қалай ықпал етеді – инвестициялық тартымдылыққа, ол бізде бар орасан жоспарлар және бағдарламалармен қалай үйлеседі? 

 - Бұл жерде бірмәнділік болмайтын мәселелер бар сияқты. Сондықтан біз біртұтас экономикалық аумақ жағдайында рубльдің девальциясы кезінде әділ емес бәсекелестік феноменіне тап болдық. Ол кезде ресейлік өндірушілер бірден баға жағынан артықшылыққа ие болып шыға келді. Әрине, бұл менің жеке көзқарасым, бірақ экономикалық білімі бар адам ретінде, бизнес климат және инвестициялық тартымдылық туралы айтқанда, үкімет бірінші кезекте бәсекелестікке қабілеттіліктің макрофакторларына назар аударуы керек. Ал оған, сөзсіз, бағам тепе-теңдігі де жатады. Себебі ұзақ мерзімдік келешекте, егер біз өңдеу өндірісін дамытқымыз келсе, онда біз көрші мемлекеттердің валюталарына қарағанда теңге бағамын төмен ұстауымыз керек, әсіресе біртұтас экономикалық аумақ эффектісін ескере отырып. Қазір керісінше, барлығы да өздерінің валюталарын әлсіретті: Ресей, Беларусь пен Армения. Қазақстан болса, біздің валютамыз тұрақты деп қасарысып отыр, және біз Standard & Poor’s, Fitch пен Дүниежүзілік банк мәлімдемелерін көріп те отырмыз. Олардың тәуелсіз сараптамалық бағалаулары көрсетіп отырғандай, валюталық бағамды қорғап отыру елге өте қымбатқа түсіп отыр, тікелей шығыннан бастап – Ұлттық қор қаражатын жаратудан бастап, сату нарығын жоғалтуға, көптеген секторларда қазақстандық өндірушілердің сатуларының құлдырауына дейін. 

 - Отандық нарықты қорғау үшін осы жағдайда не қолдану керек? 

 - Шартты түрде айтсақ, қазақстандық тауарлардың ресейлік нарыққа барар жолдағы кедергілерді алып тастайық деп айтуы тамаша, бірақ ол былтырғы жылдың бірінші жартысында ғана өзекті болған еді! Қазір мүлдем басқа нәрселер өзекті: Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы келісім жағдайында біз қайтсек өзіміздің нарығымызды сақтап қаламыз, және ол қалыпты жағдай да. Халықаралық сауда тәжірибесінде осындай шаралар safeguards деп аталады және, өкінішке қарай, заңнаманың осы саласы ЕАЭО-да мүлдем дамымай қалған. Біздің бар ойлап тапқанымыз, ЕАЭО туралы келісімнің 29-шы бабына ғана жүгіну. Ол бойынша ұлттық, оның ішінде экономикалық қауіпсіздікке қауіп төнсе еркін саудадан уақытша алып тастауға болады. Сондықтан сауалдар көп. Жалпы алғанда (...) біз Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы алғашқы жыл Ресейде де Қазақстанда да геосаяси шиеленіспен, санкциялармен және қарсы санкцияларға байланысты негізгі экспорттық позициялардың елеулі төмендеуімен байланысты өте күрделі жағдайда өтіп жатыр деп дәл айта аламыз. Жалпы алғанда бұдан ешқандай апаттық қорытынды шығарудың реті жоқ, бірақ біз көріп отырғандай, өзара сауда құлдырауда, біздің экспортымыз құлдырауда, және Еуразиялық экономикалық одақ ішіне қарағанда біздің біртұтас экономикалық аумағымыз жоқ үшінші елдермен саудамыз жақсы дамып келеді. Ал егер біз экспорт туралы айтатын болсақ, қазір меніңше біздің экспортымыз Кедендік одақ құрудың алдыңғысымен салыстырғанда 4,7%-ға аз және оны үкімет пен кәсіпкерлерге сын-қатер деп қарастыру керек. Бұл ретте біздің үшінші елдерге экспортымыз шартты түрде 28%-ағ өсті. 

 - Еуразиялық интеграциядан пайдасы дегенмен көп деп айтуға бола ма? 

- Сыпайы дипломатиялық түрде айтайықшы, еуразиялық интеграцияның артықшылығын біз алда көреміз. Үміт бар. 

- Жекелеген тауарлар тобы бойынша саудалық шектеу мәселесі бойынша Қазақстанның ұстанымы түсіндірілмекші болған ресейлік тараппен арадағы келіссөздер немен аяқталды? Қазақстан нақты нені ұсынған еді және келіссөздер нәтижесінде неге қол жеткізілді? 

- Өздеріңіз білетіндей біз былтырғы қарашада осы феноменге назар аудартқанбыз. Сәйкесінше, ақпан айында жариялы түрде айттық, оның ішінде үкіметке уақытша сауда шектеуін енгізу туралы өтінішпен шықтық. Осы екіжақты келіссөздерге үкімет кірісті (...) Біздің білуімізше, ресйлік тарап Қазақстанға жеткізілетін сезімтал тауарлар бойынша өздерін шектеу міндетін алды. Ол тауарлар бойынша рубльдің девальвациясы салдарынан ол тауарлардың Қазақстанға импорты едәуір өскендігі дәлелденетін болады. Сәйкесінше, ол талдаманы Ресей мен Қазақстанға жасалатын былтырғы экспорт көлемімен салыстыру арқылы жасау болжанған. Біздің соңғы алған мәліметтеріміз, яғни олар бейформалды түрде шектеу қою туралы міндет алды. Олар ол міндеттерін қаншалықты сақтап отырғаны туралы бізде мәліметтер жоқ. 

 - Ресейлік БАҚ Қазақстанға ресейлік өнім импорты доллармен есептегенде өскені туралы қазақстандық тарап сенімді дәлелдер келтіре алмапты-мыс деп хабарлады... 

 - Ресейлік тарап доллармен есептелген статистикаға жүгініп, Ресейден Қазақстанға импорт азайып отыр дейді. Белгілі позициялар бойынша біз, керісінше, субъективті түрде импорттың өсіп отырғанын, ал статистика бойынша – құлдырауын көріп отырмыз. Мен бұл жерде бізде Ресейден «күңгірт» импорт көлемінің артып отырғанын көріп тұрмыз деп ойламын. Яғни, кәсіпкерлік субъектілері мен жеке кәсіпкерлер, тіпті жеке тұлғалар да Ресейден автокөлікпен тауарларды ақырын әкеліп, оларды импорт ретінде декаларацияламай, олардан импортқа ҚҚС төлеместен, нақты ақшаға сатуға жіберуге болатынын көріп отыр. Рубльдің девальвациясымен ол өте тиімді болды. Күнделікті тіршілікте сіз біліп отырсыз, біздің қаншама отандастарымыз Ресейге барып автокөлік әкелумен айналысқанын. Биылғы екі айдың өзінде ғана былтыр тіркелген автокөліктер санындай көлік әкелінді. Сөзсіз мұның барлығы «сұр» импорттың артып отырғанын көрсетеді. 

- Бірінші тоқсанда Қазақстандағы тіркелген жеңіл көліктердің саны расында 2014 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 86%-ға ұлғайды және 229 631-ге жетті, бұл автомобильдердің тасылғанын жанама түрде айғақтайды... 

- Бірақ реніштісі – осынау бақыланбай отырған салада Қазақстаннан Ресейге қолма-қол капиталдың өте үлкен кері ағыны орын алды, яғни қазақстандықтардың Ресейде автомобиль, жылжымайтын мүлік, техника, қосалқы бөлшек сатып алуға жұмсағаны ол – Қазақстанда жұмсамағаны. Және қазақстандық кәсіпкерлердің қолына тимегені де осы, сәйкесінше, бұл сомаға олар жұмыс орындарын құрмады. Тиісінше, қазақстандықтар бұл сомаға еңбекақы алмады және оны тауар сатып алуға, емделуге және балаларды оқытуға т.б. жұмсамады, яғни бұл мультипликациялық эффекті берді. 

- Егер импорттың көп бөлігі статистикадан көрініс таппай, шекара арқылы жүк көліктерімен тасылып, жеке тұтынуға кетіп жатса, онда Ресей мен ЕАЭО басқа да елдерінен жеке тұтынуға арналған тауарларының тасылуын шектеу ұсынылмады ма? 

- Иә. Біз мұндай ұсынысты жеткіздік – Кедендік одақ периметрінде бар жеке тұлғалардың тауар кіргізу нормаларын ішкі нарыққа таратуды. Бұл нормалардың үстіндегісінің барлығын коммерциялық деп санап, оларды мәліметтер базасына қосуды және бақылауды, олардан салық төленуі үшін деп. Яғни олардың кіргізілуіне тыйым салмауды – бұл қағидатқа қарсы болады, бірақ кез келген жағдайда, егер сіз коммерциялық партияны кіргізсеңіз, ендігі есепке тұрғаныңызды сіз білесіз және сізге тиісті уақыт ішінде бұл тауарлар кқлемін импорт ретінде тіркеп, оның ҚҚС төлеу қажет болады. 

- Ал ақырында не болды? Үкімет қолдады ма? 

- Қазақстан үкіметі бұл ұсынысты іске алмады. 

- Экспорты арзан рубльмен ынталандырылатын таза ресейлік өнімнен бөлек, Қазақстан Ресейдің санкциясына тап болған және енді Қазақстанға толығымен жеткізілмей жатқан өзге де тауарлар көлемін Еуропа елдерінен, АҚШ-тан алып отырады. Бұл бізге Қазақстандағы осы тауарлардың өндіріс орнын басу мүмкіндігін бере ме? Немесе әзірше нарықтың бұл үлесін ресейлік және беларусьтік өндірушілер баса ала ма? 

- Қалай болғанда да, Ресей, менің ойымша, барлық құралдарды пайдалана отырып, соның ішінде тарифтік емес кедергілерді құру арқылы, өз жеке нарығын айтарлықтай тиімді қорғап отыр. Ресейдің өз көлік өнеркәсібін қорғап отырғандығына бір мысал – ЕАЭО аясындағы және ДСҰ аясындағы аясындағы барлық наразылықтарға қарамастан, пайдаға асыру алымының бар болуы. Дегенмен, «бас десе, құлақ деу» позициясы ресейлік автоөнеркәсіп үшін өз жағымды әсерін беріп отыр. Сөз жоқ, Россельхознадзор, Роспотребнадзор тетіктері жетерлік дәрежеде тиімді әрі пәрменді. Таласты екеніне қарамастан, контрсанкциялар енгізу, бірақ, десек те, егер мемлекет бұл расымен осылай және ұзаққа деп белгі беріп отырса, онда белгілі бір елдерден Ресейге кіргізуге тыйым салынған сол тамақ өнімдерінің өндірісіне инвестициялау шынымен мағынаға ие. Бұл да, қайталып айтамын – барлық талас әңгімеге қарамастан, барынша ықпалды құрал. Бірақ, өкінішке қарай, біз Қазақстанда мұндайды байқап отырған жоқпыз, сол себепті де қазақстандық кәсіпорындардың импорт орнын басу, соның ішінде санкцияларға байланысты босап қалған тауашаларды (ниша) жаулауға қатысуына қатысты айрықша оптимизмге салынып отырған жоқпын. Оған қоса Ресейдің тамақ саласында бар инвестициялар мен мемлекеттік қолдау көлемі, анағұрлым маңыздырақ. 

- Кезекті теңге девальвациясын жүргізбеуге болады, ал қазақстандық бизнес отандық нарықтағы үлесін сақтап қана қоймай, сонымен бірге экспортты өсіруі үшін, шығындарды қысқартуы тиіс деген пікір кезіп жүр. Қазақстандық тауарларды өндіру мен экспорттық нарықтарға тасымалдау кезіндегі шығындарды оңтайландыру резервтері қаншалықты пайдаланған? 

 - Ығын-шығынды оңтайландыру және шығындардағы бәсекеге қабілетті қолдау ол – бизнестің үздіксіз міндеті, бірақ егер бәсекеге қабілеттілікте ұлттық валютадағы шешуші факторлар салыстырмалы түрде шыдамайтын болса, онда бұл факторларды пайдалана отырып өндірілген өнім де жалпы бәсекеге қабілетсіз болады. Бәлкім қандай да бір резерв бар шығар, бірақ қайтадан – бұл ұлттық палатаның емес, менің жеке пікірім – макроэкономикалық фактор бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік бермейтіндей болса, өте ауыр болады. Мұнай қазір ыршып түсті, рубль де қарғыды және Ресейде инфляция жүріп жатыр да, олар бір-бірін үстінен де, астынан да қуып жетуде деген пікір бар. Оған үміт етуге болады, дегенмен, фактілер – қыңыр нәрсе: қазір, мысалы, тамақ өнеркәсібінде жүктелім орта есеппен 50%-дан аспайды. Бәрінде сатылым құлдырады және сәл-пәл қалпына келуде. Компаниялар бұл дағдарыстан девальвациясыз аман шығады деп үміттенеміз, әйтсе де аса қиын болады. 

- Нарықтың кейбір қатысушыларында ЕАЭО-дағы өзара сауда статистикасының адекваттылығына деген күмән бар. Осыған дейін тілге тиек етілгендей, тауарлардың негізін жеке тұлғалар жеке автокөліктерімен күзден бері тасып жатыр. «Күңгірт» импорттағы аталмыш көлемдердің әлдебір бағалауы туралы айтуға бола ма? 

- Бұқаралық алаңда капиталдың шығарылуына баға айтылды – шамамен сол 20 млрд қолма-қол доллар. Біздегі едәуір маңызға ие көлеңкелі нарықтың үлесін, қолма-қолма есептесудің танымалдығын назарға ала отырып, бұл цифр адекватты деп ойлаймын. Тек 4 соңғы айда ғана біздегі айырбас операциялардың кері сальдасы $13 млрд-ты құрады, яғни тек 4 айда сатып алынған валюталар. 

- Осыған дейін қазақстандық бизнесті қаржыландыру туралы мәселе бірнеше мәрте көтерілді. Бір жағынан, елде зейнетақы ақшалары, азаматтар мен банктердегі ұлттық компаниялардың депозиттері бар, олар біздің экономикаға инвестициялау үшін қолданылуы мүмкін, басқа жағынан алғанда – олардың қайтарымдылығы, пайыздық мөлшерлемелер және несие валютасы туралы мәселе қойылып отыр. Аталған мәселеде бір түйісу нүктесі бар ма? 

- Ұлттық банк ұзақмерзімдік өтімділіктің барлық ықтимал көздерін топтады – зейнетақы ақшаларын да, Ұлттық қорды басқаруды да. Сондықтан біз банк пассивтеріндегі валюталық салымдардың үлесі өсіп, оны девальвациялық болжалдар көрсетіп отырғанын көрудеміз. Өкінішке қарай, оларды толықтай купелеу мүмкін болмады, сол себепті, әлбетте, банктерде ұлттық валютамен өтімділік көздері жоқ. Сондықтан қазіргі таңда мәселе шешілген жоқ. 

- Жеке компаниялардың ІРО немесе облигацияларды орналастыру жолымен қаржы нарығында ақша тартудың перспективалары қаншалықты? 

- Қазіргі таңда – пессимистік. Инвестициялық тартымдылыққа қауіп төндіретін шешуші факторлардың барлығы сол күйі қалды: мұнайдың төмен бағалары; қатты валюта, бәсекелестіктің күшеюі. Ресей, қазір енді Қырғызстан ЕАЭО мүшесі болады. Сондықтан мен жеке ақшамды қазақстандық өндірушіге салмас едім және тіпті шикізат саласы да «пысқырмай» тұр. Тау кені де «пысқырмауда», мұнай да «пысқырмауда». 

- Қырғызстанның одаққа қосылуына байланысты, Қазақстан үшін қандай сын-қатерлер бар? 

- Бірінші кезекте, Қырғызстан мен Қытайдың шекарасы арқылы бізге Қытайдан «күңгірт» заңсыз импорт келіп түсетіні қатерлі, оның Қазақстанда өндірілетін тауарлардан арзандығы соншалық, біздің елдегі өндірісті ұйымдастырудың әртүрлі мәнінен айырады. Екіншісі – ветеринарлық бақылау бойынша да мәселелер бар. Және тағы, сөз жоқ, жұмыс күшінің бірыңғай нарығын құру сондай-ақ бәсекені ұлғайтады. 

- Сұхбатыңыз үшін алғыс айтамын!

adimage