Рақым Ошақбаев: Ұлттық қор мен бюджетте қаражат қалмаған кезде ғана квазимемсектордан құтылатын шығармыз деген әсер қалады

Рақым Ошақбаев: Ұлттық қор мен бюджетте қаражат қалмаған кезде ғана квазимемсектордан құтылатын шығармыз деген әсер қалады

Алматы. 10 шілде. ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. Биліктің квазимемсектордың экономикадағы үлесін төмендетуді ұлттық холдингтердің активтерін жекешелендіру арқылы өсудің бір итергіш күші ету ниетіне қарамай, ол керісінше, артып келеді. Ол аз десеңіз, банктердің шоттары мен депозиттеріндегі квазимемсектордың жинаған қаражаттары валюталық нарықты тұрақсыздандыру қаупін төндіріп отыр.
Неге квазимемсектордың ЖІӨ-дегі үлесі артып келеді және ол неге апаруы мүмкін, ұлттық компаниялардың банктердегі қаражаттары айырбас бағамдары мен халықтың нақты кірісіне қандай ықпал етуі мүмкіндігі туралы біз, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, экономист Рақым Ошақбаевтан айтып беруін сұраған едік.

- Рақым Сәкенұлы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек», «Қазагро» ұлттық холдингтері мен олардың «еншілес құрылымдарының» активтер үлесі ЖІӨ-де 60% шамасына немесе $84 млрд-қа жетті және артып келеді. Сіз бұл жағдайға қалай қарайсыз?

- Мен әңгімені мынадан бастағым келіп отыр, нарық пен еркін бәсекелестік үшін ұлттық холдингтердің іскерлік белсенділігі қаншалықты ықпал ететіндігін, ол ақша және еңбек нарығына қаншалықты теріс ықпал ететіндігін бағалауға әрекеттенбекшіміз.
Қазір мемлекеттің әр түрлі экономикалық салаларда араласу дәрежесі артып отырғанын сенімді түрде айтуымызға болады. Егер бақылаушылардың біреуі 2017 жылғы Қазақстан экономикасын сипаттағысы келсе, оның орынды сипаттамаларының біреуі мемлекеттендірілу процессінің күшейіп отыруы болар еді.
Біздің бәріміз көріп отырғандай, қазір мемлекет есебінен тек квазимемқұрылымдарды ғана емес, банксекторын да құтқару жүріп отыр. Және де Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерді сауықтыру бағдарламасы мемлекеттің банк қызметіне араласуын кеңейтуді қарастырады.
Сондықтан бақылаушылар мен сарапшылардың мұқият болып, олар тек квазимемсектордың ЖІӨ-дегі активтер үлесіне қарап, экономикаға ықпалын ғана емес, сонымен қатар проблеманы жан-жақты қарап, бірінші кезекте ұлттық холдингтердің жұмысы қандай институционалдық әскерлерге соқтыратындығын қарағандары жөн дер едім.
Қазір квазисектордың жұмысының осы қырын полисмейкерлер тарапынан жариялы бағалау тапшы болып отыр. Біз осы фонда, бір жағынан, елбасы экономикадағы мемлекет үлесін азайтуға нақты нұсқаулар беріп отырғанын, екінші жағынан, біз іс жүзінде кері құбылыстарды көріп отырмыз.

- Сіз квазимемқұрылымдардың еңбек нарығына әсері қарастырылып отырғаны туралы айттыңыз. Сіз қандай қорытындыларға келдіңіз?

- Мен ұлттық холдингі қызметі еңбек нарығында үлкен ауытұқулар тудырып отыр деп есептеймін. Ол құрылымдарда еңбек ақы нарыққа сай емес, дұрыс ұмтылыс тудырмайды.

- Сіз не айтқыңыз келеді?

- Мысалы, ұлттық компанияларда офис-менеджерлер, шартты түрде айтсақ, 200 мың теңге және одан да жоғары алады, ал жұмысшы – жиһаз фабрикасында жұмыс жасайтын «көк жаға» - 70 мың теңге алады. Жалақыда осындай айырмашылық болып тұрған кезде жастар әрине квазимемсекторларда жұмыс жасағысы келеді.
Мен жас мамандардың арасында олар қай жерде жұмыс істегісі келетіндігі туралы сауалнама жүргізсек, олардың негізгі бөлігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек», «Қазагро» ұлттық холдингтері мен т.б. компанияларды атаған болар еді. Себебі ол жерлерде жалақы жоғары, бонустар көп, ешқандай жауапкершілік жоқ.

- 2007 жылдан бері мемлекет квазимемсекторға $34 млрд бөліп берді. Осыншама ауқымды қолдау немен ақталған?

- Өткен ғасырдың 90-шы жылдары елбасы нарықтық реформаны белсенді жүргізе бастады, нәтижесінде Қазақстанды посткеңестік елдер арасынан АҚШ бірінші болып нарықтық экономикасы бар ел деп таныған. Бірақ қазір нарықтық экономиканың негізгі қағидаларының бірі – мемлекеттің экономикаға мейлінше аз араласуы – өте елеулі бұзылған және ары қарай да бұзылуда.

- Ендеше келесідей сауал туындайды: мемлекеттің ұлттық холдингтер мен олардың «еншілестеріне» ауқымды қаражат салуы қаншалықты ақталған?

- Мүлдем ақталып отырған жоқ. Мен Қазақстанда ұлттық холдингтерге мемқаражатты инвестициялау тиімділігін табысты бақылай алмайтын, жемқорлыққа қарсы тұра алмайтын әлсіз институттарымыз жағдайында мемлекеттік капитализм табысты болады дегенге сенбеймін.

- Ал не істеу керек?

- Мен табанды шешімдер қабылдау керек деп есептеймін. Кезінде біз үкіметке мемлекет қарамағында қалуы тиісті жабық кәсіпорындардың толық тізімін бергенбіз, ал ол тізімге енбеген компаниялар не жекешелендірілуі тиісті не, жойылуы тиісті тұғын.

- Біз бірнеше жылдан бері жекешелендірудің екінші толқынын жүргізу керектігі туралы естіп отырмыз. Бірақ біз экономикадағы квазисектордың үлесінің артып отырғанын көріп отырмыз. Неліктен сөз жүзінде басқа да, іс жүзінде мүлдем кері нәтижелер алынып отыр?

- Оның себебі Қазақстанның институционалдық тұзаққа түсіп қалуымен түсіндіріледі. Ол, квазимемсектор өте елеулі активтерді, қаражат ағымдарын қорландырып, жақсы пайда табатын жұмыс саласын қамтып, келіссөздер жүргізуде үлкен қауқарға ие болып, өміршең болып шыға келуінде.
Нәтижесінде не президент тапсырмасы да, не премьер-министр тапсырмасы да жағдайды өзгерте алмайды. Сонда былай болып шығады: егер елбасы, парламент, үкімет міндеттер қойса да, басымдықтар анықтаса да квазимемсектор олардың маңызын жойып, өңін өзгертіп жібереді. Өмір тоқтамайды, психологиялық шаршау да келеді. Нәтижесінде бұрынғы барлық бастамалар ұмыт болады, ал біздің институттардың әлсіздігі мен пісіп жетілмегендігін ескерсек, ешкімді де жауапқа тарта алмайсыз.
Мінеки, соңғы бес жылдағы есеп комитетінің есебін ашып көріңізші. Онда квазимемсектордың кемшіліктері ашық көрсетілген.

- Сіз басты проблема не дер едіңіз?

- Барлық проблема ұлттық холдингтердің қазіргі жағдайы институцияналдық бекінуден өткендігінде. Және біздің квазимемсектордан арылар жалғыз мүмкіндігіміз Ұлттық қор мен бюджетте қаражат қалмай қалғанда мүмкін болар ма екен деген әсер туындайды, себебі олар ол қаражатты сорып жатыр және сора да бермек. Мысалы, 2016 жылы квазимемсекторға мембағдарламаларды іске асыруға рекордтық трансферт бөлінді. Бейнелеп айтсақ, бүгіндері квазимемсектор өңеші тар құтыға ұқсайды, сол өңештен барлық мемқаражаттар мемлекет бағдарламасын орындауға деп жұтылып, сонда шөгіп жатыр.

 - Ал сіз экономикалық тұрғыдан жақсы болған жылдары да квазимемсала сыртқы қарызын ұлғайтып алды - $23 млрд астам қылып, ал енді оны дағдарыс кезінде қайтаруға тура келіп отырғандықтан да осылай болып отыр деп ойламайсыз ба? Яғни қазір квазимемсектор өз қарыздарын мемлекеттің иығына арта салуға тырысып жатқан сияқты емес пе?

- Иә, дұрыс айтасыз. Ол солай. Оның үстіне сол қарызды алушылар, БЖЗҚ мысалынан көріп отырғанымыздай, олар кейін сол салалардағы кадрлық мобильділіктің жоғарылығы жағдайында олардың қайтарылатынына жауап бермейді.

 - Тек 2016 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша квазимемсектор компаниялары банктердегі шоттар мен депозиттерде 5,4 трлн теңге шамасында қаржы ұстап отырды, бұл сол кездегі Қазақстанның бүкіл банк саласындағы активтерінің 20% астамын құрайды. Сіз ұлттық холдингтер мен олардың «еншілестерінің» осындай аса ірі сомасының банк саласына шоғырлануы қандай қауіп төндіруі мүмкін деп ойлайсыз?

- Бұл орасан зор ауытқулар тудырады. Сосын мен 2015 жылы девальвация нәтижесінде екінші деңгейлі банктер үшін өтімділіктің негізгі жеткізушілері ретінде квазимемсектор қандай табыс тапты деген сұраққа жауап беретін бірде-бір зерттеуді көрген емеспін. Мен бұл өте үлкен сома деп ойлаймын.
Ол ол ма. қазір байқап отырғанымыздай, бізде алдағы уақытта теңгенің кезекті әлсіреуі болады деген болжам барынша жақындап келе жатқандай. Оның үсітне ондай болжамдардың өсуіне барлық алғы шарттар да бар. Мұндай жағдайда банктердегі квазимемсектордың теңгелей қаражаттарының долларға аударылуы да мүмкін.
Сондықтан, банк саласындағы барлық қолма-қол ақшаның 50% астамы және барлық заңды және жеке тұлғалардың депозиттерінің үштен бірі үш ұлттық холдингте қалыптасқан жағдайда не болатынын елестету қиын емес.

- Мұның барлығы carry trade алып-сатарлық стратегиясына ұқсастықпен салыстыруға итермелейді. Онда әр елдегі ақша құнының айырмашылықтарынан ойыншылар төмен пайыздағы валютамен ақша алып, оны құны жоғары валютаға қойып, айырмашылығынан пайда көреді. Бірақ, егер, мысалы, Ресейде бұл стратегияны шетелдік ойыншылар жүргізсе, онда бізде ол рөлді квазимемсаланың резиденттері орындай ма?

- Дәл солай. Бірақ мынаны түсіну керек, сол банкеттің барлығы сіз бен біздің есебімізден атқарылып жатыр, себебі теңгенің әлсіреуі инфляция мен қаржылық тұрақсыздықтың орын алуын тудырады. Нәтижесінде халықтың нақты табысы төмендейді, оның реттеушіге деген сенімді кезекті рет төмендететінін айтпағанда, және барлығын басынан бастауға тура келеді.

- Бірақ Ұлттық банк бағам айналымына араласпайтынына барынша сендіруге тырысуда және сәйкесінше инфляциялық таргеттеу саясатын жүргізуде. Ал сіз қалай ойлайсыз, Қазақстандағы қазіргі экономикалық жағдайлар кезінде ол саясатты жүзеге асыру мүмкін бе?

 - Жоқ. Бұл фикция. Негізі, менің пікірімше, Ұлттық банктің Тейлор ережесін теңестіру арқылы (ІЖӨ, инфляция және жұмыспен қамту көрсеткіштерін өзгерткен жағдайда атаулы базалық мөлшерлеме сәйкестігін анықтайтын ақшалай-несие саясатының қағидасы – ҚазТАГ), пайыздық канал арқылы инфляциялық таргеттеу саясаты деп жүргізіп жатқаны аталмыш кезеңде шын мәнісінде Қзаақстанда жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан реттеуші аузын толтырып, бірдемеге ықпал ететіндей кейіп танытады, шын мәнісінде тек дисбалансты ұлғайта береді.

- Және неге солай болып жатыр?

- Бірінші проблема мынада, Қазақстандағы қазіргідей экономикалық жағдай кезінде еркін жүзетін айналым бағамы болуы мүмкін емес. Иә, Ұлттық банк баға айналымына араласпайтынын айтып, батырсынады. Алайда онымен қоса, біз өз ноталары арқылы нарықта ол тазартып жатқан өтімділіктің үлкен көлемін көріп отырмыз, себебі олай жасамаса, теңге бағамы мықты әлсірейді, деп қорқуы заңды да.
Бірақ олай жасаса, ол бағам айналымына араласқан болып шығады емес пе? Бұл ретте қандай еркін жүзетін бағам айналымы туралы айтуға болады? Әрине, Ұлттық банк, теңге бағамын ұстап тұру үшін ақшалай массаны тазартады жүргізіп жатқанын мойындамады, сондықтан ол белгіленген мақсатты дәлізде инфляцияны ұстау және төмендету үшін солай жасап жатырмыз деп айтуға мәжбүр.
Екіншіден, «екі қайтара мандатты» (керек баланстың инфляцияны бақылау мен экономикалық өсімді ынталандыру арасында тұруы – ҚазТАГ) Ұлттық банктің қазіргі басшылығы елемей отыр, ал ағымдағы экономикалық жағдай кезінде елде экономика өсіміне көбірек күш салу керек, сәйкесінше ынталандырушы монетарлық саясат жүргізу керек. Бірақ қазір реттеуші оның міндеті инфляцияны таргеттеу дегенге сілтеме жасап, оны жүргізбей отыр,

 - Десек те сіз инфляцияның төмен деңгейде болғанына қарсысыз ба?

- Жоқ, мен инфляцияның төмен болғанын үзілді-кесілді құптаймын. Бірақ мәселе мынада болып тұр, тек қана монетарлық тәсіл арқылы біз оған қол жеткізе аламыз ба? Себебі Ұлттық банк үнемі , Қазақстанда инфляцияның өсуіндегі монетарлық емес факторлардың үлесі монетарлыққа қарағанда басым екеніне сілтеме жасаушы еді. .
Естіріңізде ме, Ұлттық банк төрағаларының бірі Григорий Марченко инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда реттеуші баға өсімін белгіленген диапазонда ұстау үшін қолынан келгеннің бәрін жасады, сондықтан барлық сұрақтарды үкіметке қойыңыздар, себебі инфляциялық процестердегі монетарлық емес факторардың үлесі өте зор деп айтқан еді. Онда, неге үйлестірілген фискальдық және монетарлық саясат жүргізілмеген деген сұрақ туындайды?
Бірақ ең бастысы Қазақстандағы инфляция неге тәуелді деген сұрақтың жауабында жатыр. Бізде кімде-кім қолжетімді тілде тиісті зерттеу жүргізді ме? Жоқ, ешкім жүргізген жоқ.

- Ал сіз басқарып отырған «Талап» қолданбалы зерттеу орталығы ше?

 - Біз қазір Қазақстандағы инфляция себебін бағалауға түрлі тәсілдер қолдануға тырысып жатырмыз. Алдын-ала нәтижелер бойынша мынаны айта аламын, бізде инфляцияның бағам айналымына тәуелділігі өте жоғары; егер теңге барынша әлсіресе, онда ол баға өсіміне қатты әсер етеді, және ең бірінші импорттың қымбаттауына.
Нәтижесінде тұйық шеңбер пайда болады: реттеуші еркін бағам айналымы жүріп жатқанын және бағам айналымының тұрақты екенін көрсету үшін өтімділікті тазартады, ал шын мәнісінде олай емес. Алайда ол осылайша, мәселені шешуді Ұлттық банктің болашақ басшысының иығына арта салады, менің пікірімше, бұл жауапсыздық. Келесі төраға да солай етеді, мәселе шешілмейді, тек айналып кете береді. Осының бәрі келеді де реттеушіге деген сенімді түп-тамырымен жояды.

- Ұлттық банктің өз ноталарын халыққа сату туралы бастамасына қалай қарайсыз?

- Құптамаймын. Ол бастаманы жүзеге асыру блокчейн базасында өтеді деп жоспарлануда. Бірақ Ұлттық банк заңды жайттарды айналып өтіп, сәнге еліктеп отырғандай пікір қалдырады. Бірақ меморганның нормативті-құқықтық базасыз бірдеме жасауға құқығы жоқ.

- Сосын бұл бастаманы жүзеге асыру бәсекелестік тудырады, атап айтсақ, банктік депозиттерге?

 - Иә, әрине. Бұл нарықты мықтап бұзады. Оның үстіне, мүдделердің кезекті шайқасы орын алады, десек те Ұлттық банкте ондай даулар онсыз да көп, ол туралы, әрине ол, жұмған аузын ашпайды.
Және бұл бастамада мені ойландыратын тағы бір жайт – оның не үшін жүзеге асырылатыны. Оған тек бір ғана түсініктемені көріп отырмын – өтімділікті шығарып тастау үшін. Ал егер ол солай болса, демек жүйеде өтімділіктің өте көп болғаны ғой. Нәтижесінде ерте ме кеш пе тағы да бағам айналымының кезекті құлдырауына алып келетін, соңынан инфляцияны өсіретін нарықтағы тағы бір ақшалай секіріс пайда болуы мүмкін.

- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage