Радиациядан зардап шеккендер үшін Семейде салынатын сауықтыру орталығының қызметін ресейліктер де пайдалана алады

Күні: 17:12, 05-11-2014.

Семей. 5 қараша. ҚазТАГ – Радиациядан зардап шеккендер үшін Семей өңірінде салынатын сауықтыру орталығының қызметін қазақстандық 2 облыс тұрғындары мен Ресей азаматтары да пайдалана алады, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
Семей ядролық полигонында 40 жыл жүргізілген сынақтардан зардап шеккендар үшін сауықтыру орталығы Н. Назарбаев атындағы білім және әлеуметтік бағдарламаларды дамыту қоры мен Катар мемлекетінің даму қорының арасында  қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумға сай салынбақшы.
«Біз келешекте осы сауықтыру орталығында полигоннан зардап шеккен Семей өңірі мен Шығыс Қазақстан тұрғындары ғана емес, сонымен қатар Павлодар, Қарағанды облыстарының, сондай-ақ Алтай өлкесінде тұрып, радиацияның аздаған дозаларына сәулеленген тұрғындары да емделе алады деп болжап отырмыз», - деді ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев сейсенбі күні осы өңірге Катар мемлекетінің даму қорының бас директоры Халифа Аль-Асири мен Н. Назарбаев атындағы білім және әлеуметтік бағдарламаларды дамыту қорының бас директоры Қанат Саудабаевтың келген сапары барысында.  


Жаңалықтармен бөлісу: