Алматы. 14 наурыз. ҚазТАГ – «Рахат» АҚ басқармасының құрамынан Зәуреш Төлеубаева шығарылды, деп хабарлады KASE сайтынан.
Енді «Рахат» АҚ басқармасының құрамы алты адамға дейін қысқарды: төрағасы Константин Федорец, сондай-ақ басқарма мүшелері - Рашит Замолудинов, Шин Ёнг Сонг, Надежда Белименко, Марат Нұрғазиев, Жанна Оразбаева болып белгіленді.
«Рахат» АҚ негізгі акционері Lotte Confectionery Co., LTD (92,44%).
«Рахат» АҚ кондитерлік бұйымдар мен басқа да азық-түлік өнімдері өндірісі мен сатылымын жүзеге асырады.
«Рахат» басқармасының құрамы қысқарды
