«Рахат» басқармасының құрамы өзгерді

Күні: 14:55, 01-03-2019.

Алматы. 1 наурыз. ҚазТАГ – «Рахат» АҚ басқармасының мүшесі болып Жанна Оразбаева тағайындалды, деп хабарлады KASE сайтынан.
Сонымен, «Рахат» АҚ басқармасы енді жеті адамнан тұрады: төрағасы Константин Федорец; басқарма мүшелері - Рашит Замолудинов, Шин Ёнг Сонг, Надежда Белименко, Марат Нұргазиев, Жанна Оразбаева және Зіуреш Төлеубаева.
«Рахат» АҚ-ның негізгі акционері Lotte Confectionery Co., LTD (92,44%) болып табылады.
«Рахат» АҚ кондитерлік өнімдер мен басқа да тамақ өнімдері өндірісін, сондай-ақ сатылымын жүзеге асырады


Жаңалықтармен бөлісу: