РБК ЕҚДБ-нің «ҚазАвтоЖолға» берген келесі несиесі үшін Т34,5 млрд мемкепілдікті қолдады

Астана 26 тамыз. ҚазТАГ - Республикалық бюджет комиссиясы (РБК) «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ үшін Еуропалық қайта құру және даму банкінен (ЕҚДБ) Т34,5 млрд. кезекті қарызға мемлекеттік кепілдікті қолдады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жобаның жалпы құны 39 134 495,16 мың теңгені құрайды, оның ішінде мемлекеттік кепілдік талап етілетін жеке қарыздың (88) 34,479,731,42 мың теңге. Мемлекеттік кепілдіктер беру Республикалық бюджеттік комиссияның 2019 жылғы 13 тамыздағы № 22 отырысында қолдау тапты», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 327 «2019 жылға арналған мемлекеттік кепілдіктер бойынша жеке қарыз қаражаттарынан қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына түсіндірме хатта.
Мұнда әңгіме республикалық мәндегі «Қапшағай – Күрті» автожолының 0-67 км «Астана - Қарағанды - Балхаш - Алматы» Орталық - Оңтүстік дәлізін қайта құру» жобасы туралы болып отыр.
Қарар жобасы 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, 3 шілдеде ҚазТАГ ХАА «ҚазАвтоЖол» ЕҚДБ-дан шамамен Т34,5 млрд. несие алғаны үшін мемлекет бір жылда екінші рет кепілдік беріп отырғаны туралы хабарлағанды.
2019 жылы үкімет «Ресей Федерациясының шекарасы (Орскке дейін) - Ақтөбе - Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханьға)» 616-833 км Атыраудың солтүстік айналма жолын қосқанда» автожолын қалпына келтіру үшін ЕҚДБ-нің Т103 790 233 мың мөлшеріндегі қарызы бойынша «ҚазАвтоЖолға» бір мемлекеттік кепілдемені мақұлдады. Бұл жобаның жалпы құны Т117,801,914 мың.
13 маусымда ҚазТАГ ХАА-нің хабарлауынша, Қазақстан билігі «Астананың жаңа көлік жүйесі» жобасы бойынша «Астана LRT» ЖШС-ге 1,6 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі қаражатқа мемлекеттік кепілдеме бекітті. LRT (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі бөлім). Жалпы құны 1.887.999.883 (T698.559.957 мың) АҚШ долларын құрайтын осы жоба бойынша әлеуетті несие берушілер «ішкі бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлар» деп аталады.

adimage