Репродуктивтіліктің қосалқы технологиялары қымбатшылығы үшін қазақстандықтардың басым көпшілігіне қол жетпес болып қалып отыр

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Репродуктивтіліктің қосалқы технологиялары (РҚТ) бағдарламасы қымбатшылығы үшін қазақстандықтардың басым көпшілігіне қол жетпес болып қалып отыр, деп мәлім етті Қазақстан репродуктивтілік медицинасы қауымдастығының (ҚРМҚ) президенті Вячеслав Локшин.
«Проблема клиникалардың санында емес, РҚТ қолдануға лицензияны 18 мекеме алды, және олардың 13-і белсенді жұмысқа кірісіп кетті. Мәселе - бағдарламаның қымбатшылығында», - деді В. Локшин жұма күні «Ұрықсыздықты емдеудің заманауи жолдары. РҚТ: Қазіргісі және келешегі» атты халықаралық VI конгрессте.
Ол, 2010 жылдан бастап, Қазақстанда РҚТ бағдарламасын кепілденген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) аясында бюджет есебінен жасау мүмкіндігі пайда болғанын еске салды.  
«2010 жылдан бері КТМКК аясында 2 мыңдай РҚТ бағдарламасы қаржыландырылды. 2015 жылы мемлекет 750 бағдарламаны төлейді. Тек бюджеттік бағдарлама арқасында Қазақстанда 2010-2013 жылдары 650-ге жуық нәресте дүниеге келді», - делінген конгрессте ҚРМҚ таратқан ақпараттық парақшада
Бірақ ол мүлдем жеткіліксіз. ҚРМҚ мәліметтерінше, Қазақстанда некедегі жұптардың 15%-ы ұрықсыз.
«Еуропалық мәліметтер бойынша, 1 млн халыққа 1000 РҚТ бағдарламасы керек, демек бізге жылына 17 000 бағдарлама керек», - деді В. Локшин. Ол, 1995 жылы Алматыдағы қалалық адам репродукциясы орталығында экстрокорпоралдық ұрықтандырудың тұғыш зертханасы ашылып, содан бір жылдан соң in vitro әдісімен ұрықтанған алғашқы нәресте дүниеге келгенін еске салды.  
Қазақстанда РҚТ қолданылғалы 19 жылда 9,5 мың нәресте дүниеге келді.  
В. Локшиннің мәліметтерінше, РҚТ қолдану тиімділігі артты.
«РҚТ әдісімен емдеуді қолданғалы 19 жылда біздің елде 30 мыңнан астам ерлі-зайыпты жұптар емделіп, емделу тиімділігі 15%-дан 38-40%-ға дейін артты. Нәрестенің дүниеге келу көрсеткішінен емдеу тиімділігі 29% деңгейінде, ал ол еуропалық орташа көрсеткіштерге сай келеді». – деп атап көрсетті ҚРМҚ президенті.  

adimage