Ресей Қазақстанға коронавируспен күресу үшін дәрі-дәрмек жіберуді жоспарлауда

Алматы. 8 шілде. ҚазТАГ – Ресей Қазақстанға коронавируспен күресу үшін дәрі-дәрмек жіберуді жоспарлауда, деп хабарлады «Россия-24» телеарнасы.
«Бұл тізім (дәрі-дәрмектер – ҚазТАГ) қазір анықталды, гуманитарлық жүк жақын арада Қазақстанға жолданады. Менің білуімше, бүгін кешке бірінші ұшақ жетеді», - деді РФ денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев.
Хабарда атап өтілгендей, тізімге коронавирусты инфекцияны емдеуге арналған ресейлік дәрілер кірген.
Атап өтелік, РФ денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев бастаған 32 ресейлік дәрігерден тұратын топ Нұр-Сұлтанға 6 шілдеде РФ ТЖМ арнайы рейсімен келген. Ресейлік мамандар елдегі коронавирусты инфекция пандемиясымен күресте кеңес берушілік және тәжірибелік көмек көрсетеді. Бұған дейін Қазақстан билігі РФ денсаулық сақтау министрлігіне жаңа коронавируспен күреске көмек көрсетуге қажет дәрілер тізімін жолдаған еді.

adimage