Ресей Қазақстанға КВИ анықтау үшін қосымша 50 мың тест жіберуге уәде берді

Алматы. 10 шілде. ҚазТАГ – Ресей Қазақстанға коронавирусты инфекцияны (КВИ) анықтау үшін қосымша 50 мың тест жіберуге уәде берді, деп хабарлады ТАСС.
«Алдағы күндері эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты республикаға қосымша 50 мың тест-жүйесі мен реагенттер жөнелтілетін болады. Қазақстанға көмек көрсету ресейлік коммерциялық емес мекемелер желісі бойынша да жүзеге асырылады, 100 мыңнан астам маска, 20 мың жұп қолғап, термометрлер, антисептиктер және тағы басқалары – бұл толық тізім емес, шілде айында ресейлік тараптың Қазақстан өңірлеріне жолдайтын көмегінің арасында тағы да басқа көптеген заттар бар», - деді Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова.
Оның айтуынша, ресейлік коммерциялық емес мекемелерден жеткізілетін медициналық көмектің бірінші партиясы Қазақстанға 15 шілдеде жеткізіледі.
«Жалпы пандемия басталғалы Ресей Қазақстанға 18 мың тест-жүйесін жолдады», - деді Захарова.

adimage