Алматы. 5 шілде. ҚазТАГ – Ресей Қазақстаннан әкеліне жатқан алманың ірі партиясын жойды, деп хабарлады Россельхознадзор баспасөз қызметінен.
«Қорған облысы бойынша Россельхознадзор басқармасы 2 тоннадан астам санкциялық өнімді анықтады», - делінген хабарда.
Ресми хабарламада айтылғандай, 28 маусымда «Ертіс» тас жолының 444 шақырымында МЖҚҚИ мен Тюмендік кеден қызметкерлері жүк көлігін тоқтатып, кедендік бақылау орнына апарған. Көліктен жаңа піскен алмалар табылған (2,88 тоннадан астам).
«Бақылау орнына келген Қорған облысы бойынша Россельхознадзор басқармасының қызметкерлері жүк көлігіндегі ыдыстарда (қораптарда) таңбалау этикеткаларының алынып тасталған іздерін байқаған. Өнімнің фитосантарлық сертификаты болмаған. Осылайша өнімнің қайдан шыққанын анықтау мүмкін еместігі көрсетілген. 3 шілдеде Қазақстаннан Қорғанға әкеліне жатқан алма партиясы тәркіленді. Ресей Федерациясының «Ресей Федерациясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын жекелеген арнайы экономикалық шаралар туралы» жарлығына сәйкес анықталған өнім санкциялық деп танылып, 4 шілдеде «Шуховский» ҚТҚ-да механикалық тәсілмен жойылды», - деп мәлімдеді Россельхознадзордан.
Тасымалдаушыға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды
Ресей Қазақстаннан әкеліне жатқан алманың ірі партиясын жойды
