Астана. 28 мамыр. ҚазТАГ – Ресей, Беларусь, Қырғызстан президенттері Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденімен наградталды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюдың 5 жылдығына орай, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге қосқан айрықша үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен наградталсын: Путин Владимир Владимирович - Ресей Федерациясының Президенті Лукашенко Александр Григорьевич - Беларусь Республикасының Президенті Жээнбеков Сооронбай Шарипович - Қырғыз Республикасының Президенті», - делінген сейсенбіде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ресей, Беларусь, Қырғызстан президенттері Назарбаев орденімен наградталды
