Ресей, Белоруссия және Қазақстан SWIFT жүйесінің баламасын құрмақшы

Күні: 09:51, 24-10-2014.

Алматы. 24 қазан. ҚазТАГ – Ресей, Белоруссия және Қазақстан өздерінің халықаралық банкаралық ақпараттар алмасудың  SWIFT жүйесінің баламасын құрмақшы, деп жазады «Известия» газеті.
«Беларуссия да Ресей мен Қазақстан сияқты SWIFT жүесін қолданады. Бірақ ол одан басқа бізге ғана бақыланатын және төлем ақпараттарының сақталуы тұрғысынан бізге жайлы байланыс арналарын пайдалануға болмайды дегенді аңғартпайды», - деп айтқан Беларусия Ұлттық банкінің төраға орынбасары Сергей Дубковтың сөзін мақалада келтіріпті.  
Үш елдің орталық банктері де «Ресей мен Қазақстандағы жасалып жатқан ұлттық төлем жүйесі БЕЛКАРТпен өзара ықпалдасуы үшін және сервис азаматтармен қатар кәсіпорындарға да көрсетіліп тұрулары үшін» ұлттық төлем жүйелерін интеграциялау бағытында жұмыс атқарып жатқанын айтты. Оның айтуынша, ұлттық төлем жүйелерін интеграциялау банк төлем карточкаларын біріктіру дегенді ғана  білдірмейді. Банкаралық ықпалдастықты да ұйымдастыру керек, басқаша айтқанда халықаралық ақпараттар алмасу және төлем жасаудың SWIFT жүесіне балама жасау керек, деп атап көрсетті С.Дубков.


Жаңалықтармен бөлісу: