Ресей екі қазақстандық кәсіпорынның өнімдерін жеткізуге уақытша шектеу салды

Күні: 11:03, 07-11-2018.

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ – Ресей екі қазақстандық кәсіпорынның өнімдерін жеткізуге шектеу салды, деп хабарлады  Россельхознадзор баспасөз қызметінен.  
«Россельхознадзор Қазақстан Республикасының келесі кәсіпорындарының өнімдерін жеткізуге 7 қарашадан бастап  уақытша шектеу енгізу қажет деп санайды: «Ижевский» ЖК – тауық етінде листерияның екінші қайтара анықталуына байланысты; «Бижан» ет өңдеу зауыты» ЖШС – етті шұжық өнімінде шикізат құрамының сәйкес келмеуі», - деп хабарлады ресейлік ведомстводан.
Сонымен қатар, күшейтілген зертханалық бақылау режимі қазақстандық «Сергеевка сүт өнімдері» ЖШС қатысты да енгізіледі.  
Россельхознадзор ақпарынша, аталмыш компанияның сары майында өнімдегі май құрамын сүттен дайындалмаған маймен алмастыру дерегі анықталған.  


Жаңалықтармен бөлісу: