Ресей коронавирусты инфекцияға қарсы вакцинаны әлемде бірінші болып тіркеді

Алматы. 11 тамыз. ҚазТАГ – Ресей коронавирусты инфекцияға қарсы вакцинаны әлемде бірінші болып тіркеді, деп хабарлады ТАСС.
«Менің білуімше, бүгін таңертең жаңа коронавирус инфекциясына қарсы әлемдегі алғашқы вакцина тіркелді», - деді РФ президенті Владимир Путин сейсенбі күні үкімет мүшелерімен отырысты ашу кезінде.
Ол денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашкодан бұл туралы толығырақ мәлімет беруін сұрады.
«Мен оның айтарлықтай тиімді жұмыс істеп жатқанын білемін, иммунитетті ауруға қарсы етіп қалыптастырады, және тағы да қайталаймын, ол барлық қажетті тексерулерден өтті», - деді ресейлік көшбасшы.
Путин Ресейде тіркелген коронавирусқа қарсы вакцинаны жаппай шығаруды жақын арада бастау керек, бұл ретте вакцинациялау ерікті түрде өтеді деп мәлім етті.
«Біз жақын арада жаппай шығаруды бастаймыз деп үміттенемін – маңыздысы – бұл препаратты жаппай шығару», - деді РФ президенті.
Оның айтуынша, жасағысы келгендердің барлығы мұндай екпені жасай алулары керек, бұл ретте «екпе әрине ерікті түрде салынуы тиіс» деп санайды Путин.
«Мен мұны өте жақсы білемін, себебі менің қыздарымның бірі осы екпені салдырды, бұл ретте ол экспериментке қатысты деп санаймын», - деді ол.
Ресей президентінің айтуынша, бірінші инеден кейін қызының дене қызуы 38 градус болған, келесі күні 37 градустан сәл көтерілген.
«Болды, екінші инеден, екінші екпеден кейін де дене қызуы сәл көтерілді, келесі күні түсті, қазір жағдайы жақсы, антиденесі де жоғары», - деді Путин.
Ол атап өткендей, «көптеген адамдарда тіпті ешқандай белгі байқалмаған және екпеден кейін дене қызулары да көтерілмеген, тіпті ештеме болмағандай, өздерін жақсы сезінген".
Мурашконың айтуынша, әңгіме Н.Ф.Гамалей ат. эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығында шығарылған екпе туралы.

adimage