Ресей Омск облысында Қазақстанмен шекараға дейінгі тас жолды жөндеу жұмыстарын бастады

Күні: 10:57, 02-08-2019.

Алматы. 2 шілде. ҚазТАГ – Ресей Омск облысында Қазақстанмен шекараға дейінгі тас жолды жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады РФ-дағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметінен.
«Омск облысында Қазақстан Республикасымен шекарадағы Черлак ауданында А-320 федеральды тас жолының 30 шақырымдық тас жолын жөндеу жұмыстары басталды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 2020 жылдың күзіне дейін тас жолдың ЩМА-22 –дегі жол төсемі ауыстырылады.
«Малый Атмас, Татарка елді-мекендеріндегі, Черлак станциясындағы және Ресей-Қазақстан шекарасы арқылы өтетін өткізу пункті маңдарындағы автобус аялдамаларын электр жарығымен және жаяу жүргінші жолымен жабдықтайды, бір шақырымнан астам кедергілік шектеу орнатылады. Барлық нысанда термоластикті қолдану арқылы белгі қойылады», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: