Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев 1 қарашада Қазақстанға келеді

Күні: 17:53, 29-10-2018.

Астана. 29 қазан. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Ресей премьер-министрі  Дмитрий Медведев 1 қарашада Қазақстанға келеді, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
«1 қарашада РФ үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев Қазақстанға ресми сапармен келеді. Cапар барысында ол елбасымен кездеседі деп күтілуде», - деді А. Смадияров дүйсенбідегі брифингте.  
Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресей үкіметі басшыларының арасындағы кездесуде сауда-экономикалық, өңіраралық, көліктік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын дамытудың қазіргі жағдайы мен болашағы, «Байқоңыр» кешені бойынша  өзара қарым-қатынас мәселелері талқыланады.
«Тараптар сондай-ақ, интеграциялық бірлестіктер аясында екі ел қарым-қатынасы мәселелерін талқылайды», - деді ҚР СІМ ресми өкілі.


Жаңалықтармен бөлісу: